Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақ-өзбек өңірлік ынтымақтастығы артады

Қазақ-өзбек өңірлік ынтымақтастығы артады

Әлеумет 27.04.2023, 09:48 946
Қазақ-өзбек өңірлік ынтымақтастығы артады
Сурет: ашық дереккөз

Қаңтар-наурыз айларында Қазақстан мен Өзбекстанның өзара тауар айналымы 1,09 млрд долларға жетті.


Бұл, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 11 пайызға көп. Бұдан бөлек, екі ел бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыра бастады. Шекаралық сауда орталығын құру жөніндегі жоспар іс жүзінде орындалып жатыр. Осыған жауапты үкіметаралық комиссияның таяуда 20-отырысы өтпек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.



 - Бұл - Ташкенттің жаңа орталығы. Өзбекстанның экономикалық әлеуеті мен қуатын көрсетіп, алыстан менмұндалап тұрғандай. Қаланың шырайын арттырған биік ғимараттар осында шоғырланған. «Ташкент сити» аталып кеткен орын Қызылорданың цементімен салынды. Көршіміздің өнімді бізден сатып алуына жоғары сапа әрі тиімді баға себеп болған, - дейді телеарна тілшісі Рауан Мыңбаев.



Қазақ пен өзбек өзара сауданы дамытып, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығын жолға қойды. Ала шапанды ағайын Қазақстан арқылы Қытай мен Ресейге экспорттық өнімін жөнелтеді. Ақтау портының мүмкіндігі артса, транскаспий дәлізін қолдануға да дайын. Еліміз бір ғана тасымалдан мол табыс табады. Дегенмен дайын бұйым жасау міндеті де бар. Ташкент өнеркәсіп көрмесіне қатысқан қызылордалық екі кәсіпорын осы саладағы әлеуетіміз мол екенін көрсетті. Өңір цемент және шыны шығару ісін таныстырды.



- Біз ішкі нарыққа да, сыртқа да жұмыс істейміз. СНГ төңірегінде Ресей алады. Өзбекстан, Тәжікстан және басқа да Орталық Азиядағы мемлекеттер бізбен серіктес. Жалпы, шыны жайлы тұтынушылар жақсы пікірде, - дейді шыны шығаратын зауыттың өкілі Нұржан Мұхит.



Ал екі ел бірлесіп құратын өнеркәсіптік кооперация - тұтас Орталық Азияның әлеуетін нығайтуға сеп. Түркістан мен Өзбекстанның Сырдария облысын байланыстыратын халықаралық шекаралық сауда орталығының құқықтық негізі шілде айына дейін дайын болады. Қазір инвестициялық 38 жоба рет-ретімен жүзеге асып жатыр. Екеуі былтыр іске қосылды. Биыл бірлескен болат өндірісі, автокөлік құрастыру және жеңіл өнеркәсіп жобасы қолға алынды.



- Сауда-экономикалық әлеуетті арттырудың маңызды бағыттарының бірі - өңірлік ынтымақтастық. Осыған байланысты бірқатар іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды. Мәселен, өңірлік ынтымақтастық форумын ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Оған әкімдер мен бизнес құрылым жетекшілері қатысып, әріптестікті одан әрі нығайтуға үлес қоса алады,-дейді Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Кудратов.



Қазақстан Үкіметі Түркістанда кластерлік мақта шаруашылығын құруға да мүдделі. Өңірде ақ алтын егетін жер жеткілікті. Жобаға инвестор керек. Өзбекстаннан да ниетті топ қарастырылып жатыр. Тәжірибесімен бөлісіп, өндірісті жолға қойып беруге тиіс. Қаржының басым бөлігін мемлекет бөледі. Нәтижесінде елде тері өңдеп, былғары және киім шығаратын аймақ пайда болады. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Өзбек #шекара #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.