AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ киносының күндері Қарағандыдан басталды

Қазақ киносының күндері Қарағандыдан басталды

Мәдениет 03.02.2025, 13:36 721 dulatbekova
Қазақ киносының күндері Қарағандыдан басталды
Сурет: Gov.kz

Қазақстанның өңірлерінде қазақ киносының күндері басталды.

Аталған іс-шара аясында көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген фильмдермен таныса алады.

Кино көрсетілімдері Қарағанды қаласынан басталды. Алдағы уақытта басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерді қамтиды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бастаманың мақсаты – қазақстандық кинематографты насихаттау және кең аудиторияға отандық режиссерлердің туындыларын тамашалау мүмкіндігін ұсыну. Әсіресе, ауыл тұрғындарының қатысуына ерекше назар аударылды. Осылайша, оларға қазіргі қазақ киносының үздік шығармаларын көруге мүмкіндік берілді.

Бағдарламада еліміздің мәдени ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін арқау еткен әртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылады. Олардың қатарында «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан», «Операция Набат», «Время патриотов» және басқа да картиналар бар.

Әр фильмнің өзіндік терең мағынасы бар және түрлі жастағы көрермендерге арналған. Сондай-ақ, кішкентай көрермендер үшін «Тайқазан» анимациялық фильмі көрсетіледі.

Айта кетейік, биыл оннан астам жаңа отандық фильмнің шығуы жоспарланған. Бұл сөзсіз, қазақстандық кино өнерінің жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық.

Толық ақпаратпен Кино орталығының ресми сайтынан танысуға болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өңірлер #қазақ киносы #күндері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);