конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Қазақ геральдикасы» кітап-альбомы Ұлттық академия...

«Қазақ геральдикасы» кітап-альбомы Ұлттық академиялық кітапханаға табысталды

Мәдениет 13.07.2022, 02:26 1,512
«Қазақ геральдикасы» кітап-альбомы Ұлттық академиялық кітапханаға табысталды
сурет: Baq.kz

Өңірлердегі кітапханаларға да жіберіледі


Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы мен Ұлттық академиялық кітапхана арасында екі жақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



«Екі мекеменің руханият саласында атқарып жатқан жұмыстарының мәні мен мақсаты бір. Ел азаматтары арасында патриотизмды насихаттау, отансүйгіштікті дәріптеу бағытында алдағы уақытта бірлікте жұмыс атқарамыз. Осы ретте бүгінгі екі жақты меморандум алдағы уақытта өзінің жемісін беріп, сәтті жобаларды жүзеге асыруға сеп болады деген сенім бар», – деді Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жолдыбалинов.



Екі жақта меморандум аясында тиісті келісімге келіп, алдағы уақытта іске асырылатын ортақ жобаларға бірге атсалысатынын мәлімдеді. 



«Тарих саласындағы ғалымдарымызбен бірге қазір «Қазақ геральдикасы» кітабын шығардық. Геральдиканың өзі - өткен өміріміздің немесе өткен ғасырларымыздың тарихы. Қазіргі таңда осы нышандардың кейбірі қолданылып жүр. Ұмыт болған геральдикалық белгілерді, иероглифтерді бүгінде ғалымдарымыз зерттеп жатыр», - деді Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Байжұмаұлы.



Шара аясында Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Ұлттық академиялық кітапханаға екі жүз дана «Қазақ геральдикасы» кітап-альбомын табыстады. Нұржан Нұрланұлы өз алғысын білдіріп, бұл зерттеу еңбегінің өңірлердегі кітапханаларға да жіберетінін айтты.   
Ежелгі нышандар мен таңбалар қамтылған кітапта ғалымдар ғұн заманынан бері тасқа қашалған таңбалардың қазақ елінің елтаңбасына айналуының тарихи мән-маңызы баяндалған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана #кітап #өңір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);