ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Қазақ футболшылары француздардан оңбай жеңілді

Қазақ футболшылары француздардан оңбай жеңілді

Спорт 14.11.2021, 05:36 1,168
Қазақ футболшылары француздардан оңбай жеңілді
Cурет: Prosports.kz
Мбаппе матч нүктесін қойды, есеп 8:0

Мбаппе матч нүктесін қойды, есеп 8:0


Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін антирекордпен аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 


Іріктеу кезеңнің 8-турында қазақстандықтар әлем чемпионы Францияға қонаққа барған. Бұл ойында Талғат Байсуфинов жас футболшыларға иек артты. Ал француздар алаңға негізгі құрамын шығарды. 


Нәтижесінде алаң иелері үзіліске дейін жауапсыз үш гол тоғытып тастады. Үш голды да Килиан Мбаппе соқты. Ол алдымен 6, кейін 12-минутта көзге түсті, ал 32-минутта хет-трик авторы атанды. 


Екінші таймда да Франция футболшылары қарқынын азайтқан жоқ. 55 және 59-минуттарда Карим Бензема есепті ұлғайтты. 


Кездесудің 75-минутта Адриен Рабьо командасының алтыншы голын салды. 84-минутта Антуан Гризманн пенальтиден гол салып, есепті 7:0 қылды. 


Бірақ матч мұнымен біткен жоқ. 87-минутта Мбаппе матч нүктесін қойды - 8:0. 


Қазақстан өз тарихында ресми матчтарда мұндай ірі есеппен жеңіліп көрмеген. Сондықтан 0:8 Қазақстан тарихындағы ең ірі жеңіліс ретінде тіркеліп отыр. 


Осылайша, Қазақстанның ӘЧ-2022 іріктеу кезеңіндегі жарыс жолы аяқталды. Команда сегіз матчтың үшеуінде тең түсіп, қалған бесеуінде жеңіліп қалды. Байсуфинов шәкірттері D тобында соңғы орын алды. Ал Франция құрамасы топта көш бастап, Катардағы әлем чемпионатына шықты. 


Әлем чемпионаты – 2022. Іріктеу кезеңі. D тобы. 8-тур.


Франция – Қазақстан 8:0 (3:0)


Голдар: Мбаппе 6, 12, 32, 97, Бензема 55, 59, Рабьо 75, Гризманн пен. 84.


Франция: Льорис (Қ, К), Л. Эрнандес (Лангле 79), Юпамекано, Кунде, Т. Эрнандес, Канте (Тчуамени 72), Рабьо, Коман (Павар 79), Бензема (М. Дьяби 72), Гризманн, Мбаппе (Бен-Йеддер 88).


ҚАзақстан: С. Покатилов (Қ), Тайкенов, Әліп, Марочкин, Ерланов, Быстров (Қайыров 85), Жарынбетов, Қуат, Тапалов (Байтана 68), Өміртаев (Васильев 61), Айымбетов (А. Жақсылықов 61).

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.