ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Нарық / Қазақ елі арқылы контейнерлік тасымал артып келеді

Қазақ елі арқылы контейнерлік тасымал артып келеді

Нарық 22.09.2021, 10:01 1,560
Қазақ елі арқылы контейнерлік тасымал артып келеді
Сурет: Тurkish.alibaba.com
Тасымалдау жағы артуда

Тасымалдау жағы артуда


Қазақстан арқылы контейнерлік тасымал көлемі артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Биыл 450 мың контейнер нарыққа жіберілген. Нақтырақ соңғы 8 айда Қытайдан Еуропа бағытында Қазақстан аумағымен осыншама көлемде жүк тасымалданған. Еуразиялық даму банкі сарапшыларының пікірінше, бұл серіктес мемлекеттердің көлік-логистика саласындағы іс-қимылдарының жүйеге қойылғанын көрсетеді. Бұл бағыт бойынша контейнерлік тасымалдың басты артықшылығы – уақытында жүк жеткізу. Тауар Еуропаға небәрі екі аптада жетеді. Ал теңіз жолдарымен бұған бір айдан аса уақыт қажет. Осы ретте Қазақстан аумағымен өтетін Орталық-Еуразиялық көлік дәлізіне сұраныс жоғары. Пандемия қызып тұрған 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағымен теміржол тасымалы 60% астам өскен.


Алдағы уақытта Одақ елдері арқылы жүк ағыны кем дегенде үш есе артады, деп есептейді сарапшылар. Серіктес-мемлекеттердің теміржол компанияларының бұл саладағы табысының жиынтық көлемі жылына 10 млрд долларға жетуі мүмкін.


ЕАДБ интеграциялық зерттеулер орталығының жетекшісі Тарас Цукарев транзиттік контейнер ағымын арттыру керектігін айтты.


«Фитингтік платформалар паркін жаңартып, ұлғайту қажет. Бұл транзиттік контейнер ағымын арттыруға жағдай жасайды. Меніңше, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне Түрксіб сияқты екінші мегажобаның қажеті жоқ. Тек көлік инфрақұрылымының тар нүктелерін кеңейту жағын шешу керек», - деді ол.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.