ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тұлға / Қазақ балетінің патриархы

Қазақ балетінің патриархы

Тұлға 22.02.2022, 09:47 3,472
Қазақ балетінің патриархы
almaty-akshamy.kz
27 ақпан күні сағат 18.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының үлкен сахнасында көрнекті балетмейстер, Қазақ КСР Халық әртісінің 90 жылдығына орай Зәуірбек Райбаевты еске алу...

27 ақпан күні сағат 18.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының үлкен сахнасында көрнекті балетмейстер, Қазақ КСР Халық әртісінің 90 жылдығына орай Зәуірбек Райбаевты еске алу кеші өтеді.


Оның есімі қазақ балетінің тарихы мен дамуындағы басты тұлғалардың қатарында тұр. З.Райбаев өз шығармашылығымен Қазақстандағы ұлттық балет өнерінің қалыптасуы мен дамуының тұтас бір дәуірін белгіледі. 1954 жылы Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында еңбек жолын бастап, балет әртісінен бас балетмейстерге дейін жетті.



Оның ҚазҰОБТ сахнасында қойған бір актілі балеттері – әлемдік хореографиялық мұраның монументалды еңбектерін ерек түсіну, КСРО халықтарының концерттік би бағдарламалары ұлттық балет өнерінің Алтын қорына енді. Балетмейстер ретінде Райбаев "Шопениана", "Франческа да Римини" мен "Болеро" бір актілі балеттерді,  Ғазиза Жұбанованың музыкасына "Хиросима" бір актілі балетін (1966), Қ.Қожамияровтың "Чин-Томурын" (1968), С. Прокофьевтің "Ромео мен Джульеттасын" (1972), "Петя мен қасқыр"  (1972) бір актілі балалар балетін, А. Хачатурянның "Спартагын"  (1974), А. Онеггердің "Еркек пен Әйел" (1979) бір актілі балетін, И. Стравинскийдің "Ойын карталары" бір актілі балетін (1979), Т.Мыңбаевтың "Фрескаларын" (1981), А. Глазуновтың "Раймондасын" (1984), Р. Щедринның "Озорные частушки" бір актілі балетін (1992), А. Аренскийдің "Египет түндері" бір актілі балетін (1994), Б. Кыдырбектің "Аждаһа мен Қарлығашын" (1996) және Бородиннің "Князь Игорь" операсынан "Половецкий станын" (2002) қойды.




“Зәуірбек Ғалиұлының жетекшелігінде жұмыс істеу, оның қойылымдары мен премьералық спектакльдерінде басты партияларды ойнау,  онымен бірге репетиция жасау, сонда оның енгізіп отырған көзге көрінер-көрінбес бірақ жарқын нюанстарына куә болу, шеберлігін бойыңа сіңіру маған шынайы бақыт әкелді. Ұстаз ретінде ол бай тәжірибесімен бөлісіп, ішкі потенциалды тауып, ашуға тырысатын. Зәуірбек Райбаевтың шәкірті болуым мен үшін үлкен мәртебе", - дейді балет труппасының көркем жетекшісі, ҚР Халық артисі Гүлжан Түткебаева.



Көрнекті де дарынды әртістің құрметіне Абай атындағы ҚазҰОБТ балет труппасының жетекші солистері сахнада З.Райбаев қойған әйгілі балет үзінділерін, сондай-ақ оның атақты концерттік нөмірлерін ұсынады. Еске алу кешінде көрермендерге хореографтың шығармашылық жолы, Қазақстанның балет өнеріне қосқан үлесі туралы фильм көрсетіледі.




 Театр 88-ші маусымын Абай атындағы ҚазҰОБТ балет труппасының көркемдік жетекшісі, қоюшы-хореографы, ҚР Халық әртісі Гүлжан Түткебаева редакциясында З.Райбаевтың хореографиясына қойылған Т.Мыңбаевтың «Фрескалар»  балетін қалпына келтірумен жабуды жоспарлап отыр.



 


 


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.