AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қазанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мұны білген жөн 15.09.2025, 09:40 937
Қазанда қазақстандықтар қанша күн демалады?
сурет: pexels.com

Қазан айында бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар тоғыз күн демалады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Күздің екінші айында ұлттық мереке - Республика күні атап өтіледі. Бұл мереке 25 қазанға белгіленген және биыл сенбіге сәйкес келеді. Еңбек заңнамасына сай, демалыс күні жұмыс күніне ауыстырылатындықтан, қосымша демалыс дүйсенбіге ауысады. Осылайша бес күндік жұмыс аптасындағы азаматтар қатарынан үш күн - 25, 26 және 27 қазанда демалатын болады.

Айта кетейік, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланған еді.

Республика күні алғаш рет 1995 жылы ұлттық мереке ретінде бекітілгенімен, 2009 жылдан бастап тойланбай келген. 2022 жылдың қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес, 25 қазан қайтадан ұлттық мереке - Республика күні болып белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#демалыс #қазан #күнтізбе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);