Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазан айында 3 мыңнан астам алтын құйма сатылған

Қазан айында 3 мыңнан астам алтын құйма сатылған

Әлеумет 25.11.2022, 14:00 995
Қазан айында 3 мыңнан астам алтын құйма сатылған
Сурет: Ашық дереккөз

10 грамдық алтын құйма жоғары сұранысқа ие



Қазан айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 125,66 келі 3 130 алтын құйма сатылды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 25% немесе 27 596 дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 23 362 дана (22%) және 20 грамдық құйма – 22 555 дана (21%), 100 грамдық құйма – 22 075 дана (20%), ал 50 грамдық құймадан – 12 487 дана (12%) сатылған. Алтын құймалар Алматы, Астана, Атырау және Қарағанды қалаларында көп сатылады.


Айта кетсек, азаматтарға тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,67 тоннаға жуық 108 075 алтын құйма сатылды. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері жалпы салмағы 437 келі 17 434 алтын құйманы кері сатып алды, бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 16,1%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдары арқылы сатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын #Құйма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.