Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қауіпті қалдықтарға қатысты заң қабылданды

Қауіпті қалдықтарға қатысты заң қабылданды

Әлеумет 10.03.2022, 05:55 1,100
Қауіпті қалдықтарға қатысты заң қабылданды
Сурет: Pro-Consulting
Қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануына жол берілмейді.

Қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануына жол берілмейді.


Бүгін Сенатта «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Келісім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт аясында жасалған халықаралық шарт болып саналады. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт осы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын қолдануын көздейді.



«Қазақстанда қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету және транзитін заңнамалық реттеу Базель конвенциясы және Экологиялық кодекс нормаларымен жүзеге асырылады. Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге қатысты лицензиялық тәртіп қолданылады. Лицензия беруді министрлік 2019 жылдан бастап, яғни ол құрылғаннан бастап жүзеге асырады», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.



Сонымен қатар ол жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін қалдықтарды трансшекаралық өткізуіне тыйым салынатынын атап өтті.



«Келісім талаптарын сақтау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында қауіпті қалдықтарды өткізудің бірыңғай тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қауіпті қалдықтарды экологиялық негізделген түрде жоюға және қайта өңдеуге, қоршаған ортаның ластануын болғызбауға алып келеді», - деді министр.



Осылайша, тараптар осы келісімге және тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес, қалдықтардың трансшекаралық орнының ауыстырылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын болады. Тараптар қалдықтарды көму және залалсыздандыру мақсатында оларды трансшекаралық тасымалдауына жол бермейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.