AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қауіпсіздікке арналған көрме

Қауіпсіздікке арналған көрме

Барлығы 01.03.2025, 11:53 837
Қауіпсіздікке арналған көрме
Самат Құсайынов

Алматыда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар аясында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласының құтқару қызметімен және ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бірге «Астана» алаңында өрт сөндіру, құтқару және басқа да арнайы құрал-жабдықтардың көрмесін өткізді. 

Көрмеге келген алматылықтар қаланың авариялық-құтқару күштерінің мүмкіндіктерімен, құтқару және медициналық техника мен жабдықтарымен танысты. Сондай-ақ алаңда медицина қызметкерлері мастер-класс өткізіп, ашық түрде дене жарақаттары бар адамдарға қалай көмек көрсетілетінін көрсетті.

- Демонстрациялық көрме - азаматтық қорғау және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру саласындағы білімді насихаттау мақсатында ұйымдастырылады, сондай-ақ қала тұрғындарын құтқару қызметтері мен құралымдардың мүмкіндіктерімен таныстыру үшін өткізіледі, - деді көрме ұйымдастырушылары.

Алаңда жер сілкіністерінің симуляторы қойылды. Бұл құрылғы жер сілкінісінің көлденең және тік дүмпулерін ұқсататын үй бөлмесінің макетінде көрсетілген. Оған қоса, қала тұрғындары мен қонақтары 90 метр биіктіктен адамдарды құтқаруға арналған Қазақстандағы ең биік көтергішті тамашалай алды.

Айта кетейік, Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас Ассамблеясының шешімімен 1990 жылдан бастап 1 наурыз күні  Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні болып атап өтеді. Қазақстан Республикасы 1996 жылы ХАҚҰ мүшелігіне кіріп, халықты, аумақты және шаруашылық жүргізу объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелерін шешу бойынша халықаралық деңгейде белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көрме #ТЖМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);