ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Қасым-Жомарт Тоқаев Сочидегі келіссөзді қорытындыл...

Қасым-Жомарт Тоқаев Сочидегі келіссөзді қорытындылады

Билік 20.08.2022, 08:31 1,250
Қасым-Жомарт Тоқаев Сочидегі келіссөзді қорытындылады
Сурет: Inform.kz
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының кешегі Сочиге жұмыс сапары жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының кешегі Сочиге жұмыс сапары жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде ұзаққа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті. Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өтті. Мемлекет басшылары өз деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінеді» деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.

Айтуынша, Президенттер тұрақты жұмыс байланысын жалғастыруға келіскен.


Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құрметі мен қонақжайлығы үшін шынайы ризашылығын білдірді.


Еске сала кетейік, кеше Сочи қаласында Қазақстан Президентін Владимир Путин қошеметпен күтіп алып, екіжақты кездесу өткізді.


Кездесу 2,5 сағатқа созылды.


Басқосуда Қазақстан Президенті Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтың болашағы туралы пессимистік болжамдарға ешқандай негіз жоқ екенін атап өтті.



«Геосаяси ахуалдың ерекшелігі сағаттарымызды салыстырып, тексеруді қажет екенін меңзейді. Бәлкім Үкіметтерге қосымша тапсырма беру керек болатын шығар. Олар бір-бірімен табысты жұмыс істеп, өзара әрекет етіп жатыр. Сонда да өмір шешімін табуды қажет ететін жаңа міндеттер қойып отыр. Жалпы арадағы серіктестіктің дамуына қанағаттануға барлық негіз бар. Бұл тұрғыда сізбен келісемін. Бізді әлемдегі ең ұзын құрлықтық толық шегенделген шекара біріктіріп тұр. Сондықтан, әрине, болашағымызға қатысты пессимистік болжам айтуға ешқандай негіз жоқ», - деді Мемлекет басшысы.



Президент, сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.


Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын ТМД саммитіне шақырды.


Өз кезегінде Ресей басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабыл алып, Сочиге келгеніне алғысын жеткізді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығына барды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.