AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларды не үшін өтк...

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларды не үшін өткізу қажеттігін түсіндірді

Саясат 15.06.2022, 10:05 1,369
Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларды не үшін өткізу қажеттігін түсіндірді
Сурет: Egemen.kz

Президент ресейлік журналистерге сұхбат берді.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар жүргізу қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Мен бастапқыда «алдымен экономика, содан кейін саясат» формуласы өз ресурсын сарқып бітті деп ойладым. Бірақ бұл 90-жылдардың басында өте пайдалы болды. Адамдардың азаматтық белсенділігін көтеру үшін саяси өзгерістер жасауымыз керегін түсіндім және қоғам да осыны қажет етіп отырған еді. Іс жүзінде саяси реформаларды бастадым. 2019 жылы "Бейбіт митингілер туралы" заңды әзірлеуге кірістік, содан кейін парламенттік реформа басталды және әйелдерге қатысты 30% квота енгізілді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.



ҚР Президенті елімізде өткен референдумның бағытын да түсіндірді.



«Референдумға келсек, бұл саяси құрылымды қайта құру мақсатында мен бастаған науқанды жалғастырумен байланысты. Расында да, біз суперпрезиденттік жүйеден кетуіміз керек, ол өзінің тиімді болғанын көрсетті. Қазақстан 90-жылдардың аяғы мен 2000-жылдардың басында өз дамуында үлкен серпіліс жасады. Бірақ өмір бір орында тұрмайды, қайта құрулар мен реформалар қажет. Сондықтан ықпалды парламент, атқарушы билік өз рөлін атқаратын және Парламент пен өз халқы алдында толық есеп беретін өркениетті президенттік жүйеге көшу қажет деп ұйғардым. Парламентке келсек, төменгі палатаға келесі сайлау мүлдем жаңа ережеде өтеді: 70% дегеніміз - пропорционалды жүйе, яғни партиялық тізімдер, ал 30% - бір мандатты округтер бойынша мажоритарлық жүйе болады. Әрине, Парламенттің қызметіне қатысты кейбір заңдарды өзгерту қажет болады. Бұл үлкен жұмыс, оны жыл соңына дейін шеше аламыз деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Тоқаев #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);