AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудам...

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті

Билік 08.11.2021, 12:47 1,086
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті
akorda.kz


Польша тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анджей Дуда екіжақты қарым-қатынастардың және халықаралық күн тәртібінің өзекті проблемаларын, соның ішінде Польшаның 2022 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына қатысты мәселелерді талқылады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  


Қазақстан Президенті польшалық әріптесін Варшаваның алдағы жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығымен құттықтап, іс жүзінде тығыз ықпалдастық орнатуға, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы Астана саммитінде қабылданған мәлімдемелерді жүзеге асыруға дайын екенін нақтылады.  


Анджей Дуда Қасым-Жомарт Тоқаевқа Польша төрағалығының негізгі басымдықтары, соның ішінде шиеленісіп кеткен қақтығыстарды Ұйым аясында реттеуге септігін тигізу жөнінде мәлімет берді.


Тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Экономиканың негізгі секторларындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге екі жақ та мүдделі екенін білдірді.


Қазақстан мен Польша президенттері Ауғанстандағы қазіргі ахуалға қатысты пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анджей Дуда ауған дағдарысы гуманитарлық проблемаларды, терроризм мен экстремизмге, заңсыз миграция мен есірткі тасымалына қарсы күрес мәселелерін шешу үшін барлық мүдделі тараптың белсенді әрі конструктивті түрде атсалысуын қажет етеді деген ортақ пікірге келді.


Әңгімелесу соңында президенттер алдағы кезеңге арналған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Польша #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);