ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы жаңа емханаға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы жаңа емханаға барды

Медицина 15.12.2023, 11:09 1,218
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы жаңа емханаға барды
Сурет: Akorda.kz
«City» емханасының жаңа филиалы Астананың қарқынды дамып келе жатқан ауданында орналасқан. Бұл нысанда 30 мыңға дейін пациент тіркеле алады. Сондай-ақ мұнда халыққа алғашқы дәрігерлік көмектен...

«City» емханасының жаңа филиалы Астананың қарқынды дамып келе жатқан ауданында орналасқан. Бұл нысанда 30 мыңға дейін пациент тіркеле алады. Сондай-ақ мұнда халыққа алғашқы дәрігерлік көмектен бастап кешенді диагностика мен консультацияға дейінгі қызметтер көрсетіледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  



Жобаның инвесторы, «Olymp Medical Group» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменовтің айтуынша, бұл City емханалар желісінің үшінші филиалы. Елорданың Нұра және Алматы аудандарында екі филиал жұмыс істеп жатыр. Тағы да үш нысан келесі жылы пайдалануға берілмек.


Емхананың тағы бір ерекшелігі онда маммологиялық орталық ашылады. Науқастар мұнда кешенді диагностикадан өтіп, сүт безі ауруларынан емделе алады. Медициналық орталықта томосинтезі бар цифрлық маммография, дәстүрлі және вакуумдық аспирациялық биопсия әдістері, хирургке қатерлі ісіктерді алып тастау жолын көрсететін локализациялық инелер орнату сияқты диагностикалық технологиялар қолданылады. Сонымен қатар емханада барлық қажетті құралдармен жабдықталған амбулаториялық хирургия орталығы ашылмақ.


Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемованың айтуынша, қазіргі уақытта елорданың сол жағалауында амбулаториялық көмек беру ісі кенжелеп қалған. Қосымша тағы 5 емхана ашу керек. Халық санының ұдайы өсіп келе жатқанын ескерсек, медициналық мекемелерге деген қажеттілік әлі де арта береді. Бұл мәселені шешуде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік белсенді қолданылады. Бес жыл ішінде Астана қаласының әкімдігі 3 мемлекеттік емхана салынады және 12 жеке емхана ашылады деп жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.