AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев: Діни ахуалды реттеу және жат...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Діни ахуалды реттеу және жат идеологияларға тосқауыл қою қажет

Әлеумет 14.03.2025, 16:08 797 Nursok82
Қасым-Жомарт Тоқаев: Діни ахуалды реттеу және жат идеологияларға тосқауыл қою қажет
Сурет: ашық дереккөз

Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі діни ахуалға қатысты өз пікірін білдіріп, бұл мәселеге көңіл бөлінетінін айтты.

«Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздегі діни ахуалға алаңдаушылық білдіріп жүр. Құрылтай мүшелері Дания Қыдырбаева және Олжас Сүлеймен жат діни ағымдардың жастар арасында, әсіресе спорт саласында ықпалы күшейіп бара жатқанын айтты», – деп атап өтті Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде теріс діни ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажеттігіне еш күмән жоқ екенін айтты.

«Теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екеніне еш күмән жоқ», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанда дін бостандығына кепілдік берілгенін, алайда жүгенсіздікке және тәртіпсіздікке жол берілмейтінін қадап айтты.

«Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуға тиіс», – деп толықтырды ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені жан-жақты қарау керектігін атап өтіп, заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеудің маңыздылығына тоқталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық құрылтай #Дін #қоғам #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);