ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев: «Демократия сырттан таңылмайд...

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Демократия сырттан таңылмайды – ұлттық мүдде бәрінен биік»

Әлеумет 24.04.2025, 12:25 577
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Демократия сырттан таңылмайды – ұлттық мүдде бәрінен биік»
akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде конструктивті сын мен деструктивті арандатудың аражігін ажыратып, мемлекеттің ішкі...

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде конструктивті сын мен деструктивті арандатудың аражігін ажыратып, мемлекеттің ішкі істеріне сыртқы ықпал ету әрекеттеріне қарсы нақты ұстанымын білдірді. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Президент ел ішінде сөз еркіндігі мен конструктивті пікірталастың маңызын жоққа шығармай, сонымен қатар оны арандату мен қоғамдық тұрақтылықты бұзу мақсатында қолдануға жол берілмейтінін атап өтті.

"Күріш пен күрмекті, конструктивті сын мен дәлелсіз мін тағуды, көңілге тимейтін пародия мен жиіркенішті қорлауды айыра білу маңызды. Заң алдында бәрі тең", – деді Мемлекет басшысы.

Ол этносаралық келісім мен бейбітшілікке нұқсан келтіретін кез келген әрекет заңмен қатаң жазаланатынын ескертті. Мұндай арандату әрекеттеріне қазірдің өзінде тосқауыл қойылып келеді және бұл ұстаным алда да сақталады.

Тоқаев өзін сөз бостандығының жақтаушысы ретінде көрсетіп жүрген кейбір блогерлер мен құқық қорғаушылар шын мәнінде сыртқы күштердің мүддесіне қызмет етіп жүргенін мәлімдеді.

"Еліміздегі әр істен саяси, жағымсыз астар іздеп, шын мәнінде, арандатумен айналысып жүргенін айтпасқа болмайды. Бұл – Қазақстаннан көшіп кетіп, шетелде жүріп халқымызға шабуыл жасайтын, тіпті мемлекеттік органдарды бопсалайтын бұрынғы азаматтарымыздың әрекеті", – деді Президент.

Ол мұндай тұлғалардың шет мемлекеттерден алған қаржыны ақтау мақсатында әрекет етіп жүргенін атап өтті. "Бүгінде мұны бәрі біледі. Демократияны біреудің қаржысымен орнатуға болмайды", – деді Тоқаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.