AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қашықтан жұмыс істеудің тәртібі қандай?

Қашықтан жұмыс істеудің тәртібі қандай?

Әлеумет 28.10.2021, 16:50 1,615
Қашықтан жұмыс істеудің тәртібі қандай?
inform.kz

Еңбек вице-министрі қашықтан жұмыс істеудің тәртіптері туралы айтты


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ТМД елдерінің консультативтік кеңесінің отырысында қашықтан жұмыс істеуді реттеу тәртіптері туралы айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ақмәди Сарбасов жұмыс берушілер мен кадр қызметінің, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеу форматына мәжбүрлі ауысуына байланысты, әсіресе, еңбек заңнамасының жетілдірілмеуі бойынша кездескен бірқатар қиындықтар туралы айтып берді.



«ҚР Еңбек кодексіне биыл қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша түзетулер қабылданды. Сонымен, қашықтан жұмыс істеудің жаңа режимдері пайда болды, олар тараптардың келісімі бойынша тұрақты, уақытша немесе аралас болып орнатылады. Бұдан басқа, жұмыс беруші жұмыстың орындалуын нақты уақытпен тіркей алмайтын жағдайларда жұмыс уақытын есепке алу бойынша, сондай-ақ қызметкер жұмыс берушімен өзара іс-қимыл жасау үшін байланыста болуға тиіс уақытты еңбек шартында есепке алу бойынша ҚР Еңбек кодексінің нормалары нақтыланды. Қызметтік міндеттерін жүзеге асыратын, еңбегі арнайы заңдармен реттелетін қызметкерлер үшін қашықтан жұмыс істеу тәртібі мен мерзімдерін реттеуге қатысты нормалар көзделген», – деді Ақмәди Сарбасов.



Вице-министр жұмыс берушімен қашықтан жұмыс істеу форматына қарамастан, еңбек заңнамасының талаптарын қамтамасыз ету, оның ішінде қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жауапкершілігі алынбайтынын атап өтті.



«Сонымен қатар, қауіпсіз еңбек жағдайлары саласындағы соңғы өзгерістер аясында қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ еңбек міндеттерін қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауы тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалады. Бұдан басқа, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша міндеттері міндетті және тараптардың келісімі бойынша жұмыс ерекшелігін ескере отырып шешілетін міндеттер деп бөлінген», – деді ол.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #еңбек #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);