Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 1200-ден астам алм...

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 1200-ден астам алматылық оқудан өтті

Әлеумет 26.11.2024, 12:15 928
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 1200-ден астам алматылық оқудан өтті
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жоба 2024 жылдың 5 ақпанында басталып, 12 563 қатысушыны қамтыды. Бұл бастапқыда жоспарланған 12 000 адамнан асып түсті. Жобаны Алматы әкімдігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «AMANAT» партиясы жүзеге асырды.

Брифинг барысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов жобаның басты көрсеткіштерімен бөлісті. Оның айтуынша, қатысушылардың 22,9%-ы көпбалалы отбасылар болса, 74,3%-ының несиелері бар. Сонымен қатар, қатысушылардың 13,8%-ы төлемдерін 90 күннен астам уақыт кешіктірген.

«Жобаның мақсаты — халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Бұл жеке қаржыны басқару, шығындарды оңтайландыру, несиелер мен қарыздар бойынша кеңестер, сондай-ақ жұмысқа орналасу жөніндегі жеке консультацияларды қамтиды. Оқыту Алматының сегіз ауданында міндетті бағдарламалар мен сарапшылардың кеңестері арқылы жүзеге асырылды», — деді Б. Жаубасов.

Оқу бағдарламасының нәтижесінде 5708 қатысушы түрлі қызмет түрлерін пайдаланды:

  • жеке бюджетті құру (2814 адам);
  • қарыздар мен банкроттық бойынша заң көмегі (627 адам);
  • жеңілдетілген несиелендіруге және гранттарға құжаттар дайындау (298 адам);
  • несиені қайта қаржыландыру (207 адам);
  • несиені ішінара немесе мерзімінен бұрын өтеу бойынша кеңестер (467 адам);
  • грант пен несие алу үшін ЖК ашу (445 адам).

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін 180 бизнес-жоспар дайындауға көмек көрсетілді.

Брифингке «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қуаныш Төлепов қатысты. Ол пилоттық кезең барысында еліміз бойынша 65 мыңнан астам адамның оқудан өткенін атап өтті.

«Қазіргі заман талабы — әр адамның жеке қаржыны басқару негіздерін білуі. Бұл бюджетті тиімді жоспарлау үшін ғана емес, отбасы, қоғам және елдің әл-ауқатын арттыру үшін де маңызды», — деп атап өтті Қ. Төлепов.

«Қарызсыз қоғам» жобасы тиімді жүзеге асырылуда және Алматы тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосуда. Жоба халықтың барлық санаттарына жеке қаржыны басқару дағдыларын қалыптастыру арқылы 2026 жылға дейін жалғасатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарызсыз қоғам #аманат #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.