ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қарызға белшесінен батқандарға не істеу керек? Пси...

Қарызға белшесінен батқандарға не істеу керек? Психолог кеңесі

Мұны білген жөн 02.10.2025, 09:15 568
Қарызға белшесінен батқандарға не істеу керек? Психолог кеңесі
depositphotos.com
Кейде адамдарға қарызға батқанын мойындау қиын. Олар "артық шығындалдым, шамамнан асырдым, ақымақтық жасадым" деп айтуға ұялады. Тіпті кейбіреулер банкрот болуға шақ тұрса да, туыстарына көмектесе...

Кейде адамдарға қарызға батқанын мойындау қиын. Олар "артық шығындалдым, шамамнан асырдым, ақымақтық жасадым" деп айтуға ұялады. Тіпті кейбіреулер банкрот болуға шақ тұрса да, туыстарына көмектесе береді. Өйткені шындықты айтуға қорқады. Мұндайда не істеу керек? Психолог кеңес берді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

Психолог Михаил Лабковский не дейді?

"Өзіңізді жей бермеңіз", – дейді ол.

Оның айтуынша, қарызға "ұят" пен "кінә" сезімін арқаласаңыз, өзіңізді тіпті тұншықтырасыз. Әсіресе жақындарыңыздан жасырып, өтірік айтсаңыз,  түпкі мәселе шешілмейді. Ал егер мойындасаңыз, жеңілдеп қана қоймай, көмек те табуыңыз мүмкін: тыңдап береді, жанашырлық білдіреді, қосымша жұмыс ұсынады немесе қаражатпен көмектеседі.

Ең бастысы – қарыз туралы ойдың өзінен қызарып, қысылуды доғарыңыз. Егер жағдайыңыз көтермесе, өзгелерге көмектесуден бас тартуға қорықпаңыз.

Қарыздан шығудың қадамдары

  • Нақты жоспар құрыңыз: қашан, қандай әрекеттер арқылы нәтижеге жетесіз.
  • Өткенге өкінудің қажеті жоқ. Қарызға кірдіңіз, бұл да өмірлік сабақ.
    Енді тек жағдайды түзетуге күш салыңыз.

Қаржылай сауатты болуға кеңестер:

Психолог әрі қаржы коучы Наталья Колбасинаның айтуынша, қарызға батқыңыз келмесе, табысыңызға сай өмір сүріңіз. Әркімнің қажеттіліктері әртүрлі, бірақ "қалау" табыстан асып кетпеуі керек.

  • "Қажет" пен "қалауды" тең ұстаңыз: ақшаңыз күнделікті қажеттілікке де, өзіңізді қуантуға да жетсін.
  • Жинақтауды үйрену үшін табысыңыздың кемі 10%-ын тұрақты түрде бөліп қойыңыз. "Қалғанын жинаймын" деген тәсіл ешқашан көмектеспейді.
  • Бір ғана табыс көзіне тәуелді болмаңыз. Жаңа дағдылар үйреніп, қосымша табыс табу мүмкіндігін қарастырыңыз. Тіпті үйдегі қажетсіз заттарды сатып, қосымша ақша табуға болады.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.