AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарыз күліп келіп, жылап қайтады

Қарыз күліп келіп, жылап қайтады

Әлеумет 27.11.2023, 07:08 1,118 Almaty-akshamy.kz. 
Қарыз күліп келіп, жылап қайтады
Сурет: ашық дереккөз

Халықтың 85 пайызы бір рет болса да онлайн шағын несие алған. Негізі бұл күлетін жағдай емес. Демек, халық қарызға өмір сүреді. Осы күні онлайн кредит алу оңай, ал қайтару қиын. Сондықтан билік «қаржы ұйымдары экономиканы емес, тұтынушыларды несиелеуге мойын бұрып кетті» деп айыптауда, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


«Қазақстан ФинТех қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі қазақстандықтар арасында онлайн микрокредиттердің маңызы туралы сауалнама (онлайн) жүргізген. 


Сауалнамаға 472 респондент қатысты. Нәтижесінде  қазақстандықтардың басым көпшілігі кем дегенде бір рет онлайн шағын несие алғаны (85%) белгілі болды. Отандастарымыздың үштен бір бөлігінің түгелге жуығы онлайн шағын несиеге (31%) жүгінеді. Жауап бергендердің 39%-ы жеке тұрмыстық қажеттілігін онлайн шағын несие арқылы шешетінін жазған: яғни, алған қарызды тауар сатып алуға, коммуналдық қызметтерді төлеуге, жедел медициналық қызмет көрсетуге, жалға алу немесе үй жөндеуге жұмсайды. Сонымен қатар, қазақстандық ФинТех қауымдастығының мәліметтері бойынша, онлайн-микронесие тұтынушыларының 50%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтыған Қазақстан  азаматтары. Ел экономикасының түрлі салаларында 9,1 млн адам жұмыспен қамтылған.  Оның ішінде 6,9 млн адам жалдамалы жұмысқа тартылғандар (экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76%-ы).  2,2 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (жалпы санының 24%-ы).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #халық #әленумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);