AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қарулы Күштердің ардагері, отставкадағы генерал-ма...

Қарулы Күштердің ардагері, отставкадағы генерал-майор Уәли Еламанов дүниеден өтті

Өмір-өзен 28.05.2023, 09:00 1,611 Almaty-akshamy
Қарулы Күштердің ардагері, отставкадағы генерал-майор Уәли Еламанов дүниеден өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Қарулы Күштердің ардагері, отставкадағы генерал-майор Уәли Еламанов дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


27 мамырда 71 жасқа қараған шағында Уәли Бисақанұлы өмірден озды. Ол бар ғұмырын әскери іске арнап, офицерлік мансаптың, ел азаматының абыройлы жолынан өтті. 1974 жылы Рязань жоғары десанттық командалық училищесін бітірді. Офицерлік қызметті Қырғызстанның Ош қаласында гвардиялық әуе-десанттық дивизиясы парашют-десанттық взводының командирі болып бастады. Кейіннен Германиядағы Кеңес әскерлері тобында (Котбус қ., ГДР) парашюттік-десанттық батальонының командирі лауазымында қызмет атқарған.


1985 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірді. 1992 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қапшағай қаласында (қазіргі Қонаев қ.) гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары және командирі лауазымдарын атқарды.


2001 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын үздік бітірді. Қазақстан Қарулы Күштері Мобильді күштерінің бірінші қолбасшысы.


2002 жылдан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.


2007 жылы штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары лауазымында болды. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды. Ол II дәрежелі "Данқ" орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.



"Генерал-майор Уәли Бисақанұлы Еламанов сауатты да білікті шәкірттердің бір топ буынын тәрбиеледі, абырой беделге ие болды, отбасының қамқоршысы бола білді. 2011 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты. Құрметті демалыста жүріп те ол ғұмырын Отанына қызмет етуге арнап, жұмысын жалғастырды. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасын басқарды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамы Уәли Бисақанұлының мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Уәли Бисақанұлы жайлы жақсы және жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Генерал-майор #Уәли Еламанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);