Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қарулы күштерде Республика күніне арналған салтана...

Қарулы күштерде Республика күніне арналған салтанатты шаралар өтуде

Әлеумет 22.10.2022, 14:00 1,246
Қарулы күштерде Республика күніне арналған салтанатты шаралар өтуде
Сурет: министрлік

Мереке құрметіне 34 үздік әскери қызметші мен азаматтық персоналға мемлекеттік наградалар табыс етілді


Әскери бөлімдер мен мекемелердің, әскери оқу орындарының жеке құрамы ұлттық мерекені кеңінен атап өтуде. 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданған бұл күн еліміздің басты мерекесіне айналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қорғаныс министрлігінде тарихи күннің құрметіне орай салтанатты жиналыс болып өтті. Қарулы күштердің жеке құрамы мен ардагерлерін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов құттықтады.



– 1990 жылғы 25 қазан Қазақстан халқы үшін ата-баба арманы орындалған күн. Бұл күн болашақ ұрпақтың өркендеуін қамтамасыз ете отырып, дербес әрі тәуелсіз даму жолын таңдаған бетбұрыс ретінде тарихта мәңгілікке қалады, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы. 



Министр Қарулы күштердің еліміздің тыныштығын сақтаудағы рөлін, сондай-ақ ардагерлердің армияның жауынгерлік қабілетін қалыптастыру мен нығайтудағы маңыздылығын ерекше атап өтті. 



– Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан армиясы мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, заманауи, жоғары жарақтандырылған және ұтқыр әскерге айналды. Бұл негізінен Қарулы күштер ардагерлерінің, соның ішінде осы залда отырған бірқатар азаматтардың арқасы, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.



Республика күніне орай Президент Жарлығымен Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласовқа «генерал-лейтенант» әскери атағы, штаб бастығы – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары Нұртас Қабақовқа «генерал-майор» әскери атағы берілді.


Мереке құрметіне 34 үздік әскери қызметші мен азаматтық персоналға мемлекеттік наградалар табыс етілді.
II дәрежелі «Даңқ» орденіне Бас штаб бастығы – Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Қаныш Әбубәкіров ие болды. II дәрежелі «Айбын» орденімен Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары полковник Ермиян Бятов, 78639 әскери бөлімінің командирі полковник Алтынбек Кенжебаев, Инженерлік әскерлер департаменті бастығының орынбасары полковник Қанат Махметов, 27943 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Бауыржан Назымбеков, 48386 әскери бөлімінің командирі подполковник Мерген Нұрбаев, Оқ-дәрілер бас басқармасының бастығы полковник Андрей Тихоненко марапатталды.


«Құрмет» орденін Қорғаныс министрлігі Заң департаменті бастығының орынбасары әділет майоры Нұржан Жапаров, Қарулы күштер Әскери инфрақұрылым бас басқармасы бастығының орынбасары запастағы полковник Бағыт Керімбаев; Әуе қорғанысы күштері инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Арман Үмбеталиев алды.


Сондай-ақ азаматтық және әскери борышын үлгілі орындағаны үшін Қарулы күштердің бірқатар әскери қызметшілері мен қызметкерлері «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, Мемлекет басшысының Құрмет грамоталарымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды. 


Қорғаныс министрінің бұйрығымен қырықтан астам офицер мен сержантқа кезекті әскери атақтар мерзімінен бұрын берілді. Еліміздің қорғаныс қабілеті мен әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан қырық төрт әскери қызметшіге «Ел қорғаны» ведомстволық медалі табысталды. Бұдан өзге төрт офицерге «Заң саласының үздігі» төсбелгісі берілді. Қорғаныс ведомствосы басшысының атынан грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.


Марапаттау рәсімі Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертке жалғасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қорғаныс министрлігі #Республика күні #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.