Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қарулы Күштерде әскерлердің бақылау тексерісі өтуд...

Қарулы Күштерде әскерлердің бақылау тексерісі өтуде

Әлеумет 20.04.2023, 19:14 1,193
Қарулы Күштерде әскерлердің бақылау тексерісі өтуде
Сурет: Ашық дереккөз

Әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіріледі


Сәуір айында Қарулы Күштері түрлерінің құрамалары, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар, яғни 400-ден аса әскери бөлім, сондай-ақ әскери басқару органдары тексеріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бақылау тексеруінің мақсаты – 2023 оқу жылындағы қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік даярлықтың нақты жай-күйін және жауынгерлік даярлық деңгейін бағалау.


Тексерілетін пәндердің қатарына жалпыәскери жарғылар, мемлекеттік-құқықтық, атыс, тактикалық, арнайы, техникалық, дене шынықтыру дайындығы, жауынгерлік машиналарды жүргізу кіреді.


Құрамалар мен бөлімдерде әскери қызметшілердің оқу пәндерінен тапсырған сынақтар мен тесттері ғана бағаланбайды. Оған қосымша әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіріледі, оқу-жаттығу полигондарына шығарылып, онда жауынгерлік атыспен, оның ішінде түнгі тактикалық оқу-жаттығулар да өткізіледі. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсатқа сай міндеттерді орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі, сондай-ақ командирлердің ұрысты ұйымдастыру және жүргізу барысында бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару қабілеті тексеріледі.


Бақылау тексерісі үш кезеңде жүргізіледі. Алғашқы екеуінде Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың құрамалары, әскери бөлімдер, басқару органдары, үшіншісінде – Қорғаныс министрлігінің және Қарулы Күштер Бас штабының құрылымдық бөлімшелері тексерілмек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарулы күштер #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.