ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Қарттарым, аман-сау жүрші

Қарттарым, аман-сау жүрші

Өмір-өзен 01.10.2021, 13:29 2,512
Қарттарым, аман-сау жүрші
Сурет: Tengrinews.kz
Күзбен бірге келетін қарттар күні елімізде кеңінен аталып өтеді. Көңілдері сәл нәрсеге жабырқап қалатын қарттарымыз да осы күз мезгілі сияқты. Бірде күңіреніп, қайтып келмес жастық шақтарын...

Күзбен бірге келетін қарттар күні елімізде кеңінен аталып өтеді. Көңілдері сәл нәрсеге жабырқап қалатын қарттарымыз да осы күз мезгілі сияқты. Бірде күңіреніп, қайтып келмес жастық шақтарын аңсаса, кейде балаша қуанып күздің құбылып тұратын күндері сияқты. Сол үшін  олар жылы сөзге, әңгімесін тыңдар құлаққа зәру. Қал-жағдайы мен денсаулығын сұрағанға қуанып, қатарластарымен сөйлессе бір жасарып жасап қалатын жандары аяулы жандар.


Ақылдың кені болған қариялардың өмірде көргені де, өмірден түйгені де, берер ақыл-кеңесі де мол. Қазақ үлкенді сыйлап, реті келсе, батасын алуға тырысатын халық. «Қарты бар үйдің қазынасы бар», «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер», «Күлсең, кәріге күл» деген қанатты сөздердің ел арасынан кеңінен танылуының өзі көңілдері дариядай қарияларға деген құрметтен шықса керек.


Бүгін - Халықаралық қарттар күні. Көпті көрген ақсақалдарымыз бен ақ самайлы әжелерімізге осы күні қандай құрмет-қошемет көрсетсе де артық емес. Тіпті күнде үйлеріңіздегі қазыналарыңыздың әңгімесін тыңдап, айтқан ақылына бас изей салсаңыз, ризашылығын аласыз. Дана қарияларымыз көп нәрсеге мұңайып, уайымға салына бермес үшін, оларға да бала сияқты қарап, көңілдерін аулайық! Көшеде жасы егде тартқан адам көрсек, жол берейік, жолын кес-кестемейік! Автобуста орын берейік! Жылы сөз айтып, жүздеріне мейіріммен қарап, көңілдерін аулап қояйық! Ақыл айтса, өзімсініп сөз қайтармай, «жарайды» деп бас изейік! Алыста болсын, жақында болсын, ата-әжелерімізге хабарласып, амандығын біліп, олардың керек екендіктерін сезіндіре білейік! Себебі олар қай жерде жүрсе де, елі мен ұрпағының амандығын тілеп отырады. Қазыналарымызға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Өзіміздің де бір күні жастық кетіп, кәрілікке жететінімізді ойлап қояйық.


Жастық өтер, кәрілік жетер. Сондықтан атамызға не істесек, алдымызға сол келетінін естен шығармайық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.