ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қарлығаш Әбдіжаббарова: КВИ-дің келесі толқыны нау...

Қарлығаш Әбдіжаббарова: КВИ-дің келесі толқыны наурызда шегіне жетеді

Әлеумет 14.01.2022, 05:31 1,156
Қарлығаш Әбдіжаббарова: КВИ-дің келесі толқыны наурызда шегіне жетеді
bag. kz
Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматы қаласында эпидемиологиялық...


Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Қ. Әбдіжаббарова ҚР бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы үшінші күн «қызыл» аймақта орналасқанын жеткізді. Апталық сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есе өскен, яғни 47,6-дан 105,6-ға дейін, инфекцияның берілу индексі аясында 1,4-тен 2,5-ке дейін ұлғайған.



Эпидемияның тағы бір толқыны жаңажылдық мерекелер мен осы жылдың қаңтар айының басында белгілі оқиғалардан кейін басталды және «омикрон» штамына байланысты болып отыр. Бұл зертханалық түрде осы жылдың 6 қаңтардағы толық геномдық секвенирлеу нәтижелерімен расталды. ҚР ДСМ-де 96 сынамадан 8 сынамада омикрон штамы анықталды, оның ішінде 7 сынама Алматы қаласынан болды. «Дельта» штамдары сынамалардың 71%-ында анықталды, «дельта плюс» 16%-да, басқа штаммдар 4,7%-да табылды, - деді ол.



«Омикрон» штамына тән Алматы қаласындағы эпидемиологиялық процестің ерекшеліктері - аса жоғары жұқпалылығы, иммунитетке төтеп беру қабілеті, қайта жұқтыру қаупінің жоғарылауы және 20-30 жас аралығындағы азаматтардың зақымдануы байқалады.


Осылайша, апта сайынғы сырқаттанушылық та, бұрын КВИ-мен ауырып сауыққан адамдардың қайта жұқтыру жағдайлары да алдыңғы 7 күндегі 10 жағдайдан соңғы 7 күндегі 66 жағдайға дейін күрт өскен. Симптомсыз нысандардың желтоқсан айындағы 6%-дан 11%-ға дейін ұлғаюы ауырғандарды уақтылы анықтауды және оқшаулауды қиындата түскен.



КВИ жұқтырғандардың үлес салмағы 20 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында 16,4%-ға және жасөспірімдер арасында 1,1%-ға күрт өсті, бұл да «омикрон» штамына тән. Мұның бәрі «омикрон» штамының халық арасында тез таралатынын және көп ұзамай «дельта» штамын алмастыратындығын көрсетеді. Біз келесі КВИ толқынының шыңын осы жылдың наурыз айына болжап отырмыз, - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,312 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.