AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қаржыны қай валютада сақтаған тиімді?

Қаржыны қай валютада сақтаған тиімді?

Қаржы 20.07.2023, 06:47 1,212
Қаржыны қай валютада сақтаған тиімді?
Сурет: Kapital.kz

Кейінгі 6 айда теңгемен сақталатын депозиттердің үлесі 3 пайыз артып, 71,6 пайызға жеткен.


Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторының экономикаға берген кредиті 25 трлн 946,8 млрд теңге болған.


Оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 10 трлн 656,7 млрд теңге болса, жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 15 трлн 290,1 млрд теңгеге жеткен.



«Депозиттер 1 маусымға 30 629,2 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың басына қарағанда 1% азайды. Заңды тұлғалардың депозиті – 3,8%, яғни, 14 трлн 711,4 млрд теңгеге дейін төмендесе, жеке тұлғалардың депозиті – 1,7%, яғни, 15 трлн 917,8 млрд теңгеге дейін көбейді. Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2022 жылғы желтоқсандағы 68,4%-тен 2023 жылғы мамырда 71,6%-ке дейін өсті», - деп жазылған анықтамада.



Сондай-ақ, айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 2023 жылдың басына қарағанда 0,3% азайып, 3 351,4 млрд теңге болған.



«Ақша массасы 1,2%, яғни, 33 трлн 890,6 млрд теңгеге дейін төмендеді. 2023 жылғы маусымда теңгенің АҚШ долларына ресми бағамы 1 АҚШ долларына 444,85 – 454,13 теңге аралығында құбылып, орта есеппен 2023 жылғы маусымда 1 АҚШ долларына 448,5 теңгені құрады», - деп жазады министрлік сарапшылары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#депозит #теңге #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);