AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қаржылық жағдайы нашарлағандар алимент төлеуден бо...

Қаржылық жағдайы нашарлағандар алимент төлеуден босатылады

Заң мен тəртіп 23.08.2025, 08:41 761 aqshamnews.kz
Қаржылық жағдайы нашарлағандар алимент төлеуден босатылады
Сурет: Gov.kz

Жоғарғы cот алимент өндіріп алуға қатысты нормативтік қаулысына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұған дейін сот алиментті азайтуға тыйым салатын нормативтік қаулыға сүйеніп келген. Бұған алимент төлеушілер қарсылық білдірген еді.

Сонымен қатар “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодексте алимент мөлшерін азайту мүмкіндігі бар. Нормативті қаулы мен кодекстегі екі нәрсе бір-біріне қарама-қайшы болып, адамдарды шатастырды. Нәтижесінде Жоғарғы сот қаулыдағы тыйымды алып тастады.

Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, енді алименттерді өндіру және оларды төлеуден босату мәселелері бойынша дау болған жағдайда сотқа талап қою керек.

“Онда борышкер науқастанып қалғанын немесе басқа да себептермен жұмыссыз қалғанын, отбасылық ауыр мәселе болғанын дәлелдеп, соның кесірінен алимент төлей алмайтынын көрсету керек. Сол кезде алимент бойынша берешекті төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы”, – делінген хабарламада.

Алимент көлемі қалай есептеледі?

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңға сәйкес, алимент соммасын сот орындаушы тоқсан сайын яғни үш ай сайын анықтайды. Борышкер қанша жалақы алатынын немесе кірісі туралы ақпарат ұсынады. Жұмыс істемесе, оны да көрсетуі керек. Әйтпесе берешегі елдегі орташа жалақысын негізге алып тағайындалады.

Қазір Қазақстанда орташа жалақы 423 133 теңге болса, бір балаға алимент 105 784 теңге, екі балаға 140 903 теңге, ал екі немесе одан да көп бала үшін 211 567 теңге болады.

Алимент төлемегендерге қандай шара қолданылады?

Үш айдан астам уақыт алимент төлеуден жалтарып жүргендер Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасына кесіледі. Одан бөлек кешіктірген берешек сомасына тұрақсыздық айыпақы есептеледi.

Сондай-ақ алименттен жалтарып жүргендерді құрықтау үшін "Қорғау" жүйесі шықты. Сол арқылы полиция қызметкерлері борышкерлердің атына тіркелген көліктің қайда жүргенін анықтап, көлікті айып тұрағына қояды. Көлік борышкер қарызын толық өтегенше тұрады. Егер алимент сол күйі төленбесе, сот шешімімен мүлік аукционға қойылып сатылады. 

Әділет министрлігі алимент бойынша құқықтық консультацияны 119 нөмірі бойынша еліміздің стационарлық телефонына немесе құқықтық ақпарат орталығына, сондай-ақ 119 Kenesbot Telegram-арнасы арқылы алуға болатынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алимент #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);