Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қаржыландырудың жаңа үлгісін ұсынды

Қаржыландырудың жаңа үлгісін ұсынды

Әлеумет 01.08.2023, 07:39 828
Қаржыландырудың жаңа үлгісін ұсынды
Сурет: ашық дереккөз
Себебі білім беру бағдарламасын қалада іске асыру қолайлы болғандықтан ауылдық жерге жеткілікті көңіл бөлінбей жатыр. Бұл мәселені шешу үшін министрлік тарапынан жаңа тарау толықтырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Оқу-ағарту министрлігінің желісі бойынша 2022-2023 оқу жылында қосымша білім беру бағдарламасы бойынша мектептерде 49 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істеп, оған 1,3 млн-ға жуық бала қатысты. Биыл мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 190 мыңнан астам бала спорттық үйірмелермен қамтылды. Бірақ беру бағдарламасын қалада іске асыру қолайлы да, содан ауылдық жерге жеткілікті көңіл бөлінбей жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты.



«Бұл жағдай қаржыландыруды "қалалық" және "ауылдық" аймақтар деп бөлу (саралау) шарттарын енгізуді қамтамасыз етеді. Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, саланың проблемалары да жеткілікті. Салаға талдау жүргізіліп, нәтижесінде елде дене шынықтыруды дамытудың негізгі проблемасы қажет спорт инфрақұрылымының жетіспеуі болды. Жергілікті жерлерде әкімдіктер қолданыстағы спорт ғимараттарын, алаңдарын қайта қалпына келтіру және жаңарту, сонымен қатар халық тығыз орналасқан орындарда қымбат емес спорт нысандарын салу жөнінде біршама шаралар қабылдап жатыр. Алайда бұл шаралар бүгінде жеткіліксіз. Жалпы республика бойынша 43 мыңнан астам спорттық ғимараттың 23 мыңнан астамы ауылдық жерде», - деді Асхат Оралов.




Биыл үкімет қаулысымен бекітілген жоспар-кестеге сәйкес 113 жаңа спорттық нысан салу, 20 спорттық нысанды реконструкциялау, жұмыс істеп тұрған спорт объектілерін жете жарақтандыру жөніндегі 6 жоба бойынша жұмыс жалғасады. Министрлік қажеттікті анықтау үшін бүгінде облыстардағы спорт объектілеріне түгендеу (инвентаризация) жүргізеді.


«Осы мақсатта оқушылар және студенттер арасында орта мектептің бағдарламасына кіретін спорт түрлерінен жыл сайын мектеп және студенттер лигалары ұйымдастырылып келеді. Бірақ мектеп және студенттік лига үшін арнайы бюджеттік бағдарламаның болмауына байланысты бұл лигалар тиісті деңгейде ұйымдастырылмай отыр», - деп қосты министр.


Республикада жалпы саны 800-ден астам балалар мен жасөспірімдер клубтары қызмет етеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржыландыру #ауылдық #қалалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.