ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қарғалар миллиардтан асады

Қарғалар миллиардтан асады

Әлеумет 24.02.2022, 04:00 1,374
Қарғалар миллиардтан асады
shansonline.ru
Ғалымдар анықтағандай, пингвин секілді ұша алмайтын құстарды қоса алғанда, әлемде әр адамға шамамен 6 құстан келеді екен. Бұл жайында Аlmaty-akshamy.kz порталы SciTechDaily ақпарат көзіне сілтеме...

Ғалымдар анықтағандай, пингвин секілді ұша алмайтын құстарды қоса алғанда, әлемде әр адамға шамамен 6 құстан келеді екен. Бұл жайында Аlmaty-akshamy.kz порталы SciTechDaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.


Бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізген Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэлс университеті ғалымдарының есебінше, бүгінде әлем бойынша шамамен 50 млрд жабайы құс бар. Яғни, қауырсын жүнді құстардың қарасы 8 млрд-қа жақындаған адамзат санына шаққанда алты есе көп болып шықты.


Австралиялық ғалымдар тобы орнитологтарға және әуесқойларға нақты уақыт аралығында (режимде) құстар туралы жан-жақты мәлімет ұсынатын eBird онлаин базасында тіркелген деректерді, дәлірегі, бір миллиардқа жуық деректі біріктіріп зерделеген екен.


Аталған базаның 600 мыңнан аса пайдаланушысы 2010-2019 жылдар аралығында құстарды бақылаған болып шықты – қандай құс қай өңірде кездескені тіркеліп отырған. Осы таспаға тартылған жазбаларды пайдаланған ғалымдар бүгінде 92 мыңнан аса құстың түрі барын анықтап білген. Олардың 8 пайызы табиғатта өте сирек кездесетін түрлерінен тұрады.


Тек құстың төрт түрінің саны ғана бір миллиардтан асады: үй қарғасы, кәдімгі сауысқан, делавэр шағаласы және қарлығаш. Құстардың 1180 түрінің саны 5 мыңнан аспайтындықтан, олар қорғауға мұқтаж. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.