ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Қарбыз подагра ауруларын емдеуге көмектеседі

Қарбыз подагра ауруларын емдеуге көмектеседі

Керек кеңес 14.08.2024, 15:23 1,412
Қарбыз подагра ауруларын емдеуге көмектеседі
Сурет: 24.kz
Қарбыз – тәтті, дәмді және көпшіліктің сүйікті жемісі, оны тұтыну денсаулыққа үлкен пайда әкеледі. Көптеген адамдар оны жеміс немесе көкөніс деп санайды, шын мәнінде, бұл – жидек.

Қарбыз – тәтті, дәмді және көпшіліктің сүйікті жемісі, оны тұтыну денсаулыққа үлкен пайда әкеледі. Көптеген адамдар оны жеміс немесе көкөніс деп санайды, шын мәнінде, бұл – жидек.

Қарбыз – витаминдер көзі және оның пайдалы қасиеттері көп:

  • шөлді және аштықты басады;
  • жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйелерінің жұмысына оң әсер етеді;
  • зәр айдайтын және өт айдайтын қасиеттері бар;
  • ішек моторикасын қалыпқа келтіреді.

Қарбыздың құрамында В тобының витаминдері, аскорбин қышқылы, көмірсулар, темір, магний және өсімдік талшықтары бар. Жемістің 90%-ы судан тұрады және ол тамаша зәр айдайтын құрал болып табылады.

Пектин мен талшықтардың болуы ішек моторикасын жақсартады. Қарбыздың пайдалы қасиеттері ағзадағы биохимиялық процестерді реттеуге жақсы әсер етеді, артрит пен подагра ауруларын емдеуге көмектеседі.

Қарбыз жемістерін хирургиялық операциялардан кейінгі қалпына келу кезеңінде рационға енгізуге болады. Қарбыздың жұмсағы – тамаша өт айдайтын құрал.

Оңтүстік жемісін калориясы аз диета ұстанатын адамдарға тұтыну пайдалы, себебі 100 г қарбызда бар болғаны 30 ккал бар.

Қарбызды қалай таңдау керек?

Жарылған және алдын ала кесілген қарбыздарды сатып алмаған жөн, өйткені ішіне қауіпті микробтар мен бактериялар оңай түсіп, адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін.

Оңтүстік жемісті дұрыс таңдауды үйрену маңызды. Ішіндегі сары талшықтар, өте ашық қызыл түс және жемістің жылтыр беті оның құрамында нитраттардың көп екенін көрсетеді. Мұндай қарбыздан пайда жоқ, керісінше ол ағзаға үлкен зиян тигізеді.

Нитраттармен улану әлсіздік, жүрек айнуы, ұйқысыздық және қызба тудырады. Бас айналу, құсу және асқазанның бұзылуы сияқты улану белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Тамыз – ең «қарбыздың» уақыты, осы тамаша жидектен дәм татып, ағзаңызды нығайтып үлгеріңіз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.