AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Қарақат Әбден Отбасы және демография министрлігін...

Қарақат Әбден Отбасы және демография министрлігін құруды ұсынды 

Сайлау-2023 16.11.2022, 10:31 1,492
Қарақат Әбден Отбасы және демография министрлігін құруды ұсынды 
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Отбасы және демография министрлігін құруды ұсынды.


Бұл туралы Түркістан қаласында өткен сайлауалды кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кандидат атап өткендей, қоғамдағы көп мәселелердің түп-тамыры отбасыдан тарайды. Балалардың үлгерімі, тұлға ретінде қалыптасуы, суицид, тұрмыстық зорлық-зомбылық, аналар мен қарияларға қатысты проблемалардың барлығы отбасындағы тәрбиеге барып тіреледі. Қазір отбасы мәселесі түрлі ведомстволардың арасында шашырап жүр. Оның айтуынша, отбасы мәселелерімен әлеуметтік қорғау, ағарту, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктері, әкімдіктер мен өзге де органдар айналысады.



«Отбасы және демография мәселелерімен айналысып жүрген құзыретті ведомстволардың арасында өзара байланыс жоқ. Отбасы институтын бұлайша қолдау мүмкін емес. Отбасы мен отбасы мүшелері бұл министрліктер үшін - индикатор ғана. Мысалы, жұптардың ажырасуы еш трагедия емес, базадағы жазбаның өзгеруі ғана. Меморгандардың ешқайсысы азаматтарға "отбасы", "отбасы мүшесі" деген тұтас ұғыммен қарамайды, жекелеген адам ретінде ғана қарайды. Ал бізге ең алдымен отбасы маңызды. Оның тұтастығы, бақытты болуы маңызды», - деді үндеуінде кандидат.



Өз сөзінде Қ.Әбден халық санының өсуі мен берік отбасы – кез келген дамыған елдің ұмтылатын басты мақсаты екендігін жеткізіп, отбасын қолдау және нығайту елдің табысты дамуының кепілі бола алатынын айтты. 
Бұдан бөлек, кездесу барысында сайлаушылармен өзге де өзекті әлеуметтік-қоғамдық сұрақтар талқыланды. 


Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Кандидат Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 9 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Жамбыл облысы сайлаушыларымен жүздеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Президенттікке үміткер #кандидат #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);