AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарағандының шалғайдағы мектептері интернетпен түг...

Қарағандының шалғайдағы мектептері интернетпен түгел қамтылды

Әлеумет 19.08.2024, 18:01 875
Қарағандының шалғайдағы мектептері интернетпен түгел қамтылды
Сурет: Gov.kz

Биыл Қарағанды облысының 106 ауылдық мектебі StarLink интернетіне қосылды. 

Осылайша, өңірде жоғары жылдамдықты интернетпен қамту 100% ға жетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы педагогтарға арналған облыстық тамыз конференциясында мәлім болды.

«Кең жолақты интернетке қолжетімділік балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан – ауылдық жерде немесе қалада болсын сапалы білім беру контентін алу бойынша кең мүмкіндіктер ашады», -деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Сонымен қатар, өңір мектептерін компьютерлендіру төрттен бір бөлікке ұлғайтылды. 9 мың заманауи компьютер сатып алынды. Бұл жұмыс жалғасады.

Жабдықтарды жаңарту Қарағанды облысының мектеп біліміне заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Digital matematika және BilimTest жобалары іске асырылуда.

Жасанды интеллектті қолданатын цифрлық платформалар оқытуды тиімдірек етеді.

Мысалы, Digital matematika оқушыларға тақырыптарды өз бетінше үйренуге, практикалық тапсырмаларды орындауға, білімдегі олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Интерактивті жүйе екі тілде жұмыс істейді.

BilimTest мобильді қосымшасы әртүрлі сынақ тест және пайдалы оқу материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Биыл ElSkills жобасын іске қосу жоспарлануда. Ол мұғалімдерді басқалардың эмоцияларын тануға және өз эмоцияларын басқаруға үйретуге бағытталған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарағанды #мектеп #интернет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);