Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қарағанды облысының Шет ауданында төтенше жағдай ж...

Қарағанды облысының Шет ауданында төтенше жағдай жарияланды

Әлеумет 31.03.2024, 12:49 994
Қарағанды облысының Шет ауданында төтенше жағдай жарияланды
Сурет: 24.kz

Қарағанды облысының Шет ауданында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды.


Ауданда 3 елді мекенді су басты. Құтқарушылар 292 адамды қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Жартысына жуығы – балалар. Шерубай-Нұра өзенінде су көтеріліп, Қайрақты ауылында 9 үйге су кірді. 67 тұрғын уақытша Ақсу-Аюлы ауылындағы туыстарына орналастырылды. Қазір өзен арнасына құм толтырылған қаптар қойылып, бөгет орнатылып жатыр. Ал Ақсу ауылында 24 үйді су басып, 120-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Деріпсал ауылында да бірнеше баспанаға қарғын су кірген. Жалпы өңірдегі ахуал бақылауда, Төтенше жағдайлар департаментіндегі су тасқынына қарсы штабы тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Өңірдегі гидротехникалық нысандарда, су қоймаларында жағдай қалыпты.



«Облыс орталығынан да күш құралдары жұмылдырылып, соның салдарынан осы ауданда орын алған ТЖ залалын азайтты деуге толық негіз бар. Бүгінгі күні арнайы комиссия құрылды. Үйлерге келген шығын есептеліп, соның негізінде әрқайсысына тиісті көмек көрсетіледі», - дейді Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров. 









Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарағанды облысы #Шет ауданы #су тасқыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.