Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қарағанды облысында дала өрті өршіп тұр

Қарағанды облысында дала өрті өршіп тұр

Әлеумет 22.06.2022, 08:39 1,047
Қарағанды облысында дала өрті өршіп тұр
Сурет: Arnapress.kz

Өрт жай түскеннен болуы мүмкін деген алдын ала болжам жасалды.


Қарағанды облысында бір мезетте бірнеше жерден дала өрті шыққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.


Қарқаралы ауданының Қоянды ауылдық округінде 20 маусымда пайда болған ірі дала өрті 21 маусымда жойылды. Мұнда 1500 га алаңдағы шөп жанып кеткен.


Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД, өртке қарсы ерікті құрылымдардың және орман шаруашылығының 57 адамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылды.


Сонымен қатар, 21 маусым күні сағат 14:58-де Қарқаралы ауданында Қу орман-тоғай шаруашылығында өрт шыққаны туралы хабарлама төтенше жағдайлар қызметіне түскен.


Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар мамандары және «Алтай Полиметаллы» ЖШС-нің 270 адамы мен 43 техникасы жұмылдырылды. Жергілікті жердің тұрғындары да  күндіз түні өрт сөндіру қамымен жүрген. Аталмыш аумақтан 250 гектар жер жанып кеткен. Аудан әкімі Ерлан Құсайынның мәліметінше, бүгін тілсіз жау ауыздықталғанмен, әлі де бықсып жатқан жерлері бар. Табиғи өртті сөндіруге осы жерге басқа облыстан тікұшақ жіберілген.


Бұқар жырау ауданында екі дала өрті тіркелген. Бірінші өрт - Қызылтау ауданы шатқалында 40 га алаңда құрғақ шөп және 2 га алаңда бұталар жанды. Өрт ТЖД, еріктілер және орман шаруашылығы күштерімен сөндірілді. Екінші өрт 21 маусым күні кешке Төрткөл ауылынан 20 шақырым жерде тіркелді. Құрғақ шөптің жануы, алдын ала болжам бойынша, 100 га аумақта және 1,5 га  аумақта орын алған. Өрт 22 маусымда сағат 05:25-те сөндірілген.


Сонымен қатар, 21 маусымда ТЖД күштері Осакаров ауданының Жансары ауылдық округіндегі ірі дала өртін сөндіруге жұмылдырылды. Жалпы жану аумағы құрғақ шөптен құралған 1200 га аумақта орын алды. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы және Павлодар облысының ТЖД, ерікті өртке қарсы және орман шаруашылығынан 26 адамы мен 8 техника жұмылдырылды. Өрт 22 маусымда сағат 00:20-да жойылды.


Құтқарушылар су алатын өзен, су қоймаларының сол аумаққа қашық болуы әрі желдің күшейіп кетуі жағдайды ушықтыра түсті деп отыр. Айтуларынша, бүгінде облыстағы дала өрті қадағалауға алынған, орман өртіне ұласу қаупі жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дала #өрт #МЧС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.