AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қарағанды аттракционындағы әйел өлімі: қамалған нұ...

Қарағанды аттракционындағы әйел өлімі: қамалған нұсқаушы жазасын жеңілдетуді сұрады

Оқиға 31.10.2021, 09:00 1,625
Қарағанды аттракционындағы әйел өлімі: қамалған нұсқаушы жазасын жеңілдетуді сұрады
Cурет: Ашық дереккөз

Алайда апелляция алқасы санкцияны өзгеріссіз қалдырды


Қарағандыда 30 метр биіктіктен секіріп, мерт болған 33 жастағы әйелдің өліміне кінәлі деп айыпталып отырған аттракцион нұсқаушысы аппеляцияға өтініш берді. Ол тергеу аяқталғанға дейін бұлтартпау шарасын үй қамағына ауыстыруды өтінді. Алайда апелляция алқасы санкцияны өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Қарағандыда әйел өліміне әкеп соққан роуд-джампинг аттракционының 32 жастағы нұсқаушысына тергеу кезінде «қамауда ұстау» санкциясы бекітілген болатын.


Айыпталушы сот алқасынан аталмыш шешімді қайта қарап, үй қамағына немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат алу ретінде жеңілдетуді сұрады.
Алайда апелляция алқасы санкцияны өзгеріссіз қалдырды.



«Қарағанды тергеу сотының «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулысы өзгеріссіз қалды. Апелляциялық шағым қанағаттандырылмайды», – деп мәлімдеді облыстық сот.



Ұсталған азамат тергеу аяқталғанға дейін тергеу изоляторында болады. Іс Қылмыстық кодекстің 306-бабы «Адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету» бойынша тергеледі.


Сот-медициналық сараптама, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптама тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда 33 жастағы әйел «Созвездие» қонақ үйінің төбесінен секіріп, жердегі бетон құрылысқа соғылған болатын. Әйел алған жарақаттарынан көз жұмды. Бір күннен кейін тергеуші нұсқаушыны қамауға алды, себебі қонақ үйдің сыртқы бейнекамерасының кадрларында аттракционның белбеуі дұрыс бекітілмегені байқалды.


13 қазанда сот күдіктіге «қамауда ұстау» санкциясын қолдану туралы шешім қабылдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаза #қарағанды #Атракцион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);