AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарабаев қара аспанды төндірді

Қарабаев қара аспанды төндірді

Әлеумет 20.08.2024, 13:30 2,228 Bakyt
Қарабаев қара аспанды төндірді
Сурет видео скрині

Оң жақты рөлді автокөліктерге жолаушы тасымалдауға тыйым салынатын болды

 

Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев 1 қаңтардан бастап такси саласына енгізілетін жаңа өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Министрдің айтуынша, такси қызметін көрсететін компаниялармен жасалған меморандумға сәйкес, оң жақты рөлді автокөліктерді пайдаланатын жүргізушілерді жолаушы тасымалдау қызметтерінен шеттетіледі.

«Оң жақты рөлді автокөліктерді такси қызметінде пайдалану заңға қайшы, сондықтан InDrive және Yandex секілді компаниялар өз жүйелерінде мұндай көліктерді тіркемейді. 1 қаңтарға дейін Yandex және InDrive өз платформаларында инвентаризация жүргізіп, оң жақты рөлді көліктерді анықтап, олардың қызметін шектейтін болады», – деді Марат Қарабаев үкіметтегі баспасөз конференциясында.

Министрдің айтуынша, бұрын оң жақты рөлді болып, кейін сол жақты рөлге қайта жасалған көліктер де қауіпсіз емес, сондықтан олар да қызметтерден шеттетіледі.

«Агрегаторлар мұндай көліктерді де анықтап, 1 қаңтардан бастап оларды қызметтерінен шеттетеді», – деп толықтырды министр.

Сондай-ақ, министрлік жол қозғалысы ережелерін үнемі бұзатын жүргізушілердің тізімін агрегаторларға беретін болады, бұл жүргізушілер де жүйеден ажыратылады.

Ал, серіктермен бірге жүрген жүргізушілер үшін қалааралық қашықтықты 50 км-ге дейін шектеу туралы ұсыныс тек жұмыс тобындағы бір мүше тарапынан жасалған ұсыныс екенін министр атап өтті.

«Бұл түзету талқыланып жатқан жоқ және талқыланбайды да. Қазіргі талқылау кезеңінде мұндай шектеулер қарастырылмаған. Қашықтыққа қатысты нақты бір шектеу енгізу жоспарланбаған, және бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу де қарастырылмаған. Айта кетерлігі, екі апта бұрын Indrive компаниясының құрылтайшысымен кездесу өтті, және менің ойымша, компания басшылығының ең басты мақсаты — қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді Марат Қарабаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Марат Қарабаев #Көлік министрі #жүргізушілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);