AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қара майор»

«Қара майор»

Әлеумет 26.05.2023, 16:44 1,483 Айнабай Мәди
«Қара майор»
almaty-akshamy.kz

Борис Керімбаевты еске алуға арналған конференция өтті


Жазушылар одағының мәжіліс залында ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевты еске алу құрметіне арналған «Ер есімі – ел есінде» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.


Алматы әкімдігінің қолдауымен «Ұлы Дала» қоғамдық бірлестігі, Республикалық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері ЗТБ орталық кеңесі ұйымдастырған басқосу жиында Ауған соғысы тарихына «Қара майор» есімімен енген Борис Төкенұлы Керімбаевтың өмір жолы, майдан жолы жайлы қоғам қайраткерлері мен ғалымдар байыпты баяндама жасап, оның кейінгі ұрпаққа ұлағаты айтылды, батырдың рухына тағзым етілді. КСРО ҚМ БББ (ГРУ)-дің Керімбаев қолбасшылық еткен жасағы орталық азиялық сайдың тасындай іріктелген сақадай сай сардарлар мен сарбаздар болатын. Ауған жеріндегі Панджер шатқалын жыл бойы тас қамал қып қорғаған «Қара майорды» қарсыласы, атышулы Ауған командирі Ахмад Шах Масудтің өзі амалсыз мойындап, оның басына миллион доллар тіккен деседі.


Запасқа шыққан офицер Керімбаев тәуелсіз еліміздің әскери қызметшілерімен өзінің орасан зор тәжірибесімен бөлісіп, жастарды ел қорғауға тәрбиелеп, отан[1]шылдыққа баулыды. Конференцияға қатысқан Ауған соғысының ардагерлері, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылым мен мәдениет өкілдері Керімбаевтың жауынгерлік жолы – антқа адалдық пен ерлікке толы екеніне тоқталды .Конференцияға қатысушылар Борис Керімбаевты есімі еліміздің соғыста ерен ерлігімен танылған батырлар қатарынан орын алуға әбден лайық деген тоқтамға келді.



Марат ҚОЙЛЫБАЕВ, Республикалық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері ЗТБ орталық кеңесінің төрағасы:


ӘСКЕРИ АНТЫНА АДАЛ БОЛДЫ


Өткен ғасырда тағдыры маңдайымызға жазылған Ауғанстандағы соғысқа біз интернационалдық борышымызды өтеуге бардық. Борис Керімбаев – сол соғыста қолбасшы (командир) ретінде қаншама сарбаздың елге тірі келуіне барын салған сұңғыла сардар. Бізге маңыздысы – әскери антына ақырына дейін адал болған Керімбаевтың керемет ерлік үлгісін өскелең ұрпаққа өнеге ету. Оның ер жігітке тән жігерлілігі мен ұстанымдылығын кейінгі ұрпақ – жарқын болашақтың жастары, сарбаздар мен сардарлар білуі тиіс. Біз соғысты іздеген жоқпыз, соғыс бізді тапты. Біз соғысты тілеген жоқпыз, тілемейміз. Ендігі жастар бейбіт заманның батырлары болсын!


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Борис #Керімбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);