AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қара майор тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды

Қара майор тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды

Әлеумет 26.12.2022, 02:22 1,118
Қара майор тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Ауған соғысының ардагері, бірінші «мұсылман батальонының» командирі, полковник Хабибжан Холбаев арнайы келді.


Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлері мен арнайы мақсаттағы 177-ші жасақтың әскери қызметшілері Ауған соғысының батыры Борис Керімбаев тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Батырды еске алуға Борис Керімбаевтың туыстары мен жақындары, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы, өзі алғашқы командирі болған арнайы мақсаттағы бөлімшелер, Құрлық әскерлері әскери институтының және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары жиналды.


Борис Төкенұлы тұрған үйдің жанына ауған соғысының ардагерлері, «Жас сарбаз» республикалық қозғалысы мен Қара майор атындағы әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері сап түзеді. Бұл іс-шараға 1979 жылы Аминнің сарайына шабуыл жасаушы, ауған соғысының ардагері, бірінші «мұсылман батальонының» командирі, полковник Хабибжан Холбаев арнайы келді.


Митингті Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Алмаз Жұмакеев ашты. Ол Қара майордың өмірі мен әскери жолы, оның сіңірген еңбегі, Борис Керімбаевтың баға жетпес әскери тәжірибесі туралы айтты.



«Осы ескерткіш тақтаны аша отырып, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде Қара майорды еске алу бұрышы құрылғанын айтқым келеді. Жас сарбаздар қызмет етуге келгенде, оларға бірінші кезекте батырдың әскери және өмір жолы таныстырылады», - деп атап өтті генерал-майор Алмаз Жұмакеев.



Іс-шара гүл шоқтарын қоюмен және салтанатты шерумен аяқталды.


Айта кетейік, Борис Керімбаев - ауған соғысы кезінде аты аңызға айналған қолбасшы. Ол 1981 жылдан 1983 жылға дейін Ауғанстанда болды. Бір жылға жуық уақыт ішінде оның «екінші мұсылман батальоны» стратегиялық маңызды Панджшер шатқалын ұстап тұрып, күші басым моджахедтермен шайқас жүргізді. 177 жасақтың сәтті әрекеттерінің нәтижесінде моджахедтер осы маңызды бағыттағы қимылдарын тоқтатуға және бітімге келуге мәжбүр болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қара майор #Мемориалдық тақта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);