AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қара алтын қымбаттай бастады

Қара алтын қымбаттай бастады

Әлеумет 05.05.2023, 11:57 1,589
Қара алтын қымбаттай бастады
Сурет: ашық дереккөз

Әлемде мұнай бағасы көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.



Интерфакс порталының жазуынша, Лондондағы ICE Futures биржасындағы Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің құны жұма күні Мәскеу уақытымен сағат 8:04-де барреліне 73,21 долларды құрады. Бұл алдыңғы сессияның жабылу кезінде тіркелген бағадан 0,71 долларға артық. Бейсенбі күні бұл келісімшарттар баррель үшін 0,17 долларға дейін қымбаттап, 72,5 долларды құрады.



Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында WTI маркалы қара алтынның маусым айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,63 долларға дейін өсіп (0,92%), 69,19 долларды құрады. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша келісімшарттардың құны барреліне 0,04 долларға азайып (0,1%), 68,56 долларды құрады.


Жуырда Еуропалық орталық банк үш негізгі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтерді. Оған сәйкес несиелер бойынша базалық пайыздық мөлшерлеме 3,75%-ды, депозиттер бойынша – 3,25%, маржиналдық несиелер 4 пайызды құрады.


Сәрсенбі күні АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі де негізгі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтерді.


Бұдан бөлек, Сауд Арабиясы маусым айында Еуропа елдеріне жеткізілетін мұнай бағасын көтеретіні белгілі болды. Бұл ретте азиялық сатып алушылар үшін жанармай бағасы арзандайды. Saudi Aramco мемлекеттік компаниясының хабарлауынша, келесі айда АҚШ-қа жеткізілетін мұнай бағасы өзгеріссіз қалады. Өз кезегінде Arab Light маркасы барреліне 0,5 долларға арзандайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #Brent #Доллар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);