AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қар да кәдеге асады

Қар да кәдеге асады

Әлеумет 09.01.2025, 09:08 1,093
Қар да кәдеге асады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда қуаттылығы тәулігіне 1200 текше метрге дейінгі алғашқы қар  еріту пункті іске қосылды

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қар еріту пункті ашылды, онда Қазақстанда алғаш рет экологиялық таза еріту технологиясы және қарды тиімді кәдеге жарату қолданылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жаңа пункт бұрын «Алматы Тазалық» КМК көктайғаққа қарсы реагенттері сақталған базада салынған. Оны құру қажеттілігі қаланың инфрақұрылымына жүктеменің артуымен және соңғы жылдары қардың көп түсуіне  байланысты.

Қар еріту пунктінің жұмыс процесі қолданыстағы кәріз желісі арқылы келетін ағынды сулардың жылуын пайдалануға негізделген. Қысыммен жылы су сорғы қондырғылары мен құбырлар жүйесінен өтіп, қарды ерітеді. Осыдан кейін пайда болған еріген су сүзгіге түседі, құм мен қоқыстардан тазартылады, содан кейін қалалық кәріз желісіне жіберіледі. Пункттің  қуаты - тәулігіне 1200 текше метрге дейін қ арды ерітеді.

Қар еріту пунктіне Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандарының аумақтарынан қар  жеткізіледі. Бұл аудандарда қар үйіндісі мәселесі өте өткір, ал трафик орталық көшелерден қарды тиімді шығаруға мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, мұндай шешім қарды қаладан тыс жерлерге шығаруға кететін уақыт пен ресурстарды едәуір азайтуға, сондай-ақ экологияға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді. 

«Алматы тазалық» МКК директорының орынбасары Ертай Қасенов атап өткендей, қар еріту  пунктін енгізу — экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және мегаполисте өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам. 

«Соңғы жылдары қыста жауын-шашын күшейе түсті және біз қарды тиімді утилизациялау үшін жаңа шешімдер іздеуге мәжбүрміз. Қар еріту  пункті — полигондарға қар шығарылатын дәстүрлі әдіске заманауи балама», - деп толықтырды сөзін  Ерсай Қасенов.

Айта кетейік, жоба қала көшелерінің қысқы күтімін жақсартуға және қыс мезгілінде Алматы тұрғындары үшін жайлылықты арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қар #су сүзгі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);