Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қапталған су мен сусындар енді таңбаланбайды

Қапталған су мен сусындар енді таңбаланбайды

Әлеумет 02.12.2022, 11:16 1,079
Қапталған су мен сусындар енді таңбаланбайды
Сурет: Egemen.kz

Кеше Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнеспен таңбалау мәселелерін талқылады.


Талқылау барысында зергерлік бұйымдарды, қапталған су мен сусындарды, аяқ киімді таңбалау, фармацевтикалық тауарларды таңбалау мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кездесуде қапталған су мен құрамында қант бар сусындарды таңбалаудың пилоттық жобасы қорытындыланды. Жобаға 13-ке жуық кәсіпорын қатысты.



«Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша таңбалауға арналған жабдықтардың, баспаханалардың болмауы, контрафактінің болуы, сондай-ақ өндірушілерге қаржылық жүктеме салдарынан шығарылатын өнімнің қымбаттауы сынды бірқатар кемшілік анықталды. Талқылау нәтижелері бойынша бизнес-қоғамдастықпен ел ішінде міндетті таңбалауды енгізудің орынсыздығы туралы шешім қабылданды», - деді Серік Жұманғарин.



Естеріңізге сала кетейік, тауарларды цифрлық таңбалау жүйесін енгізудің негізгі мақсаттарының бірі көлеңкелі импортқа қарсы күрес болды. Статистика деректері бойынша, Қазақстанға аяқ киім импорты 34,8% - ға, 2019 жылғы 39,5 млн жұптан 2021 жылы 53,2 млн жұпқа дейін ұлғайды. ҚР ҚМ МКК деректері бойынша 2021 жылы аяқ киім әкелуден кедендік баждар мен салықтарды төлеу сомасы 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 30 млрд теңгені құрады.


2022 жылдың 8 айында кедендік баждар мен салықтарды төлеу сомасы 14 млрд теңгені құрады.


Мамандандырылған дүкендердегі аяқ киім мен былғары бұйымдарының бөлшек саудасынан түсетін салық түсімдері 2019 жылғы 2,7 млрд теңгеден 2021 жылы 7,9 млрд теңгеге дейін 2,9 есеге жуық өсті.


2022 жылдың 8 айында салық түсімдері 6,8 млрд теңгені құрады.


Айта кету керек, бүгінгі таңда таңбалау бизнес үшін жеңілдіктерді ескере отырып, толық көлемде жұмыс істемейді.


Талқылау қорытындысы бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталов аяқ киім мен фармацевтикалық өнімдерді таңбалау мәселелері бойынша тағы да жеке кездесу ұйымдастырылатынын атап өтті. Талқылауға 20-дан астам бизнес және қауымдастық өкілдері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қапталған су #сусын #таңбалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.