ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Қап ішінен табылған адам: Алматы полициясы оқиғаға...

Қап ішінен табылған адам: Алматы полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Алматы 10.09.2025, 16:56 440
Қап ішінен табылған адам: Алматы полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Сурет: ЖИ
Алматының Самғау ықшамауданында тұрғындарды алаңдатқан оқиға тіркелді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алматының Самғау ықшамауданында тұрғындарды алаңдатқан оқиға тіркелді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Құрбыларымен серуендеп жүрген жас қыздар әткеншектің астында жатқан үлкен қапты байқап, бастапқыда оны қоқыс деп ойлаған. Олар қаптың үстіне отырып, аяқтарымен тепкілегенімен, ешқандай қозғалыс байқалмаған. Түнгі уақытта балалар алаңының жанында қаптың ішінде жатқан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарап жүр.

 

Бірнеше минуттан кейін қасынан өтіп бара жатқан басқа қыздар: «Қараңдаршы, ішінде адам жатыр ғой» деп ескерткенде ғана жасөспірімдер шошып қалған. Олар біраз уақыт осы маңда отырғаннан кейін жолдан өткен жігіттен қапты ашуды сұрайды. Сол сәтте қаптың ішінен кенеттен адамның дауысы шығады.

«Мен сендерге кедергі жасап тұрмын ба?» – деген ер адамға қыздар «иә» деп жауап бергенде, ол: «Онда әрі қарай теуіп отыра беріңдер» деп жауап қатқан. Қорыққан қыздар қаша жөнелген.

Жасөспірімдердің бірі полицияға қоңырау шалып, тәртіп сақшылары 15 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Дәл осы кезде қаптағы ер адам сыртқа шығып, қашпақ болғанымен, полиция қызметкерлері оны қуып жүріп ұстаған.

Оқиғаға байланысты Aqshamnews.kz Алматы қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметінен түсініктеме алды.

«7 қыркүйек күні ер адам полиция қызметкерлерімен Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Оның айтуынша, қатты шаршағандықтан ұйықтап қалған. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Қалалық полиция департаменті тұрғындарды қырағы болуға шақырып, күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу 102 нөміріне хабарласуды ескертті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.