AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қанттың бағасы бір жылда 61%-ке өсті

Қанттың бағасы бір жылда 61%-ке өсті

Әлеумет 03.06.2022, 08:06 1,302
Қанттың бағасы бір жылда 61%-ке өсті
Сурет: Gazeta.ru

Мамандар өнімнің тапшылығы мен бағасының өсуіне қазақстандықтардың өздері кінәлі деп отыр.


Energyprom.kz мәліметінше, қант бағасы бір жыл ішінде 61%-ға өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Биыл қаңтар-сәуір айларындағы қант өндірісі 81,8 мың тонна болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,1%-ға аз. Қанттың үштен екісінен астамы Жамбыл облысында өндіріледі, яғни 56,5 мың тонна.



«2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, отандық қант өндірушілер сұранысты 39%-ға қамтамасыз етті. Былтырғы көрсеткіш - 43,8%. Бірінші тоқсанда қазақстандық өндіріс бір жылда бірден 25,2%-ға төмендеді, импорт 9%-ға, 60,1 мың тоннаға дейін қысқарды», - делінген ақпаратта.



Нәтижесінде 2022 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарықта 98,5 мың тонна қант сатылды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,7%-ға аз. Сектордағы экспорт мардымсыз, ол 8 есе қысқарды. Биыл қант бұрын-соңды болмаған дүрбелең тудырды. Мәселен, наурызда Ресейден қант экспортына тыйым салынуына байланысты ресейлік қант құны Қазақстанда ақпанмен салыстырғанда бірден 34,3%-ға өсті.


Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, елде қант тапшылығы жоқ және қалған қоры үш айға жетеді деп мәлімдеді. Сонымен қатар олар үнемі толықтырылып отыратынын айтты, деп жазады Energyprom.kz.


Соған қарамастан, мәлімдеме жасалған уақытта түрлі қала дүкендерінде сөрелерде қант болмады. Кейін алыпсатарлық жағдайлары анықталды. Қант бағасының өсуі келесі айларда да жалғасты: сәуірде қант тағы 4,5%-ке, мамырда 5,7%-ке қымбаттады. Нәтижесінде қанттың жылдық қымбаттауы бірден 60,5% болды.


Мамыр айында қант дүкен сөрелерінен қайтадан жоғалып кетті. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елдегі қант тапшылығын мойындап, оны Ресей тарапынан қант экспортына енгізілген тыйыммен байланыстырды.


Еске салсақ, жуырда Ауыл шаруашылығы министрлігі елде қант тапшылығы жоқ екенін, жеткізілім уақытында жүзеге асырылатынын, ал зауыттар толық қуатында жұмыс істейтінін мәлімдеген еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қант #баға #импорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);