AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қаңтар қырғыны қайталанбасын!

Қаңтар қырғыны қайталанбасын!

Әлеумет 24.12.2022, 06:50 1,797 Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, Түркі дүниесі әдеби сыйлығының лауреаты
Қаңтар қырғыны қайталанбасын!
Сурет: Inform.kz



Қаңтар оқиғасы жалпы, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауыр, қанды оқиға болғаны белгілі. Ашу-ызаға булыққан жастарымыз миллиондаған қарапайым халықтың тұрмысындағы әділетсіздік негізінде пайда болған тауқыметтерге қарсы көшеге шықты. Жұмысы жоқ, жағдайы жоқ жастар әділетсіздіктің құрбаны болды. Өкінішке орай, осы тұста қылмыскерлер мен дисскрутивті діни ұғым өкілдері Қазақстанда билікті төңкеріп, қолға алмақ болған күштер жастарды пайдаланып кетті. Әлеуметтік мәселелер жастарды саяси майданға қарай бағыттап жіберді. Сөйтіп, олардың алдына шығып, ұрандап, тонауға, ұрлауға, мемлекеттік мекемелерді қиратуға қарай бұрып әкетті. Соның нәтижесінде қозғалысқа қатысқан жастар сол қылмыстық топтың, саяси мақсатты көз- деген топтардың құрбанына айналып шыға келді.


Бұл, әрине, өте өкінішті жағдай болды. Мінеки, бұдан қандай қорытынды шығарамыз? Байырғы бабамыздың «Ашу дұшпан, ақыл дос» деген сөзін алға тартқым келеді. Ашу үстінде істелген әрекет еш уақытта әділетке жеткізбейді. Өйткені, адам ашу үстінде түрлі қылмысқа барады. Алматыдағы мемлекеттік мекемелерді талқандау кешірілмес қылмысқа айналды. Оны талқандағанда не ұттық? Не пайда түсті? Айналып келгенде өзіміздің мемлекетімізді әлсіреттік. Талқандау арқылы экономикамызды белгілі бір деңгейге шегердік. Ал экономика болмаса, мемлекет болмаса, халықтың не керегі болады. Ол халық пен мемлекет бір ұғым. Мемлекетті қиратсаң халық, халықты қырсаң мемлекет құриды.


Мінеки, осындай өкінішті оқиғадан соң бұл оқиғаға жалпы халық болып, Қазақстан билігі болып баға беріп жатырмыз. Кеше талқандалған, өртенген Алматы қаласы әкімшілігінің алдына Қаңтар оқиғасына арналған «Тағзым» деген аллея ашылды. Өз басым бұған риза болып отырмын. Өйткені, мұндай қанды оқиғаның ізі тарихта қалуы керек. Қанды қырғында адам шығыны көп болды. Сондықтан «Тағзым» аллеясы құрбандарға қойылған халықтың еске алуы болды деп ойлаймын. Енді ешқашан қаңтар оқиғасы қайталанбағай, ағайын! Өйткені, қаңтарда атылған оқ мемлекетке, бәріміздің жүрегімізге тиген оқ болды.


Міне, басшымыз боп, қосшымыз боп Әділетті Қазақстан құруға бет алдық. Әділетті Қазақстан – біздің, біздің бала-шағамыздың болашағы. Баршамыз Әділетті Қазақстанның қалыптасуына бір атаның баласындай атсалысайық!




Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #Қазақстан #Қанды оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);