конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қаңтар оқиғасы бойынша екі полицей сотталды

Қаңтар оқиғасы бойынша екі полицей сотталды

Заң мен тəртіп 21.07.2023, 03:50 1,109
Қаңтар оқиғасы бойынша екі полицей сотталды
Сурет: Halyq Uni

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Олар сот алдында изоляторға қамалған "күдіктіні" өлтіріп қойғаны үшін жауап берді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қаңтар оқиғасында изоляторға қамалған "күдіктіні" өлтіріп алған полицей 10 жылға сотталды, ал оның осы фактіні жасырған әріптесі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.  


Анықталғандай, 2022 жылдың 8 қаңтарында полиция басқармасының қызметкерлері "жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан" деген күдікпен жәбірленуші М.-ны уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) жеткізген. УҰИ ғимаратында өзінің қызметтік міндеттерін атқарған сотталушы Б. жәбірленушіге жарақат келтіріп, ол ауруханада қайтыс болған. Екінші сотталушы С. осы ауыр қылмыс фактісін жасырған.


Сотталушы Б. кінәсін мойындамады, соттан өзін ақтауды сұрады. С. кінәсін мойындап, өкінді.



"Айыпталушылардың кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді. Сот үкімімен Б. ҚК-нің 146-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С.-ға ҚК-нің 432-бабы бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.



Сондай-ақ, сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 15 млн теңге сомасында моральдық зиян өндірілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #сот #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);