Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қаңтар оқиғасы: Алматыда 156 адамға рақымшылық жас...

Қаңтар оқиғасы: Алматыда 156 адамға рақымшылық жасалды

Әлеумет 18.11.2022, 17:02 1,645
Қаңтар оқиғасы: Алматыда 156 адамға рақымшылық жасалды
Сурет: Ашық дереккөз

Қазір дүрбелеңге қатысты деген 25 адамның ісі сотта қаралып жатыр


«Қаңтар оқиғасына» байланысты қабылданған «Рақымшылық» туралы заңның аясында Алматыда 156 адамға амнистия шарасы қолданылды, Оның ішіндегі 4 азаматқа рақымшылық сотқа дейінгі тергеу кезінде көрсетілген. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Құзырлы орган тиісті соттарға пробация бағыты бойынша жазаны қысқарту немесе толық босату туралы орта және ауыр қылмыс жасаған 181 адамға қатысты ұсыныс жолдаған. 152 іс қаралып, шешім шыққан. Соған сәйкес 152 адамның біреуі қамаудан босатылса, қалғанының жазасын өтеу мерзімі қырқартылыпты.



«Амнистия қолданылғаннан кейін орташа ауыр қылмыс жасағандар жазадан босталады. Ал ауыр қылмыспен айып талғандардың тек жазасын өтеу мерзімі қысқарады. Бұл рақымшылық тұлғаларды  ақтамайды, тек мемлекеттік бір реттік кешірім актісі», – деді қала прокурорының орынбасары Назарбай Ыбраймолдаев.  



Қазір дүрбелеңге қатысты деген 25 адамның ісі сотта қаралып жатыр. 15 жанға амнистия шарасы қолданылуы мүмкін. Ал бейберекетті ұйымдастырғандарға рақымшылық жасалмайды. Сондай-ақ жаңарған Конституциялық заңға сәйкес Бас прокурорға Конституциялық сот пен Жоғарғы сотқа жүгіну құқығы берілді. Соның аясында енді прокурорлар сот тәжірибесі, қылмыстық, азаматтық істер бойынша соттан түсініктеме алуға құқылы әрі сот актілерін тоқтата алады.



«Бұдан бөлек прокурорлардың тексеріс жүргізуіне керекті негіздемелердің шеңбері кеңейді. Қазір прокуратура басшылары мемлекеттік органдарға ғана емес, физикалық ерекшеліктеріне байланысты өзін-өзі қорғай алмайтын тұлғалар мен кәмелетке толмағандардың құқығы бұзылса, шағын және орта кәсіп субъектілерінің құқығы бұзылса тексеріс тағайындай алады», – деді қала прокурорының аға көмекшісі Руслан Суханбердин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар оқиғасы #рақымшылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.