AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қант қызылшасын сатып алу құны өсті

Қант қызылшасын сатып алу құны өсті

Әлеумет 19.07.2022, 09:08 2,025
Қант қызылшасын сатып алу құны өсті
Сурет: Rayvesti22.ru

Бұл - шаруаларды қолдау үшін қабылданған шара. 


ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Көксу қант зауытында Жетісу облысының фермерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Вице-министр өңірге елдегі қантқа қатысты қалыптасқан жағдайды талқылау, оны тұрақтандыру үшін нақты қадамдар жасау және қант саласын дамыту  мәселесін өндірушілермен бірлесіп қарастыру мақсатында келді, деп хабарлайды 


Шаруалар мен зауыт басшылығы ведомство өкілдерімен саладағы қордаланған мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды.


Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар зауыттың қант қызылшасының бір келісі үшін сатып алу бағасының төмен екенін айтты. Жыл сайын жиналған өнім қант зауыттарына өңдеуге тапсырылады.


Зауыттар төлейтін баға қызылша өсірушілердің жұмсайтын шығындарына сәйкес келмейлі. 2021 жылы зауыт пен мемлекет бір келі қызылша үшін 20 теңге төледі.



Шаруаларды қолдау мақсатында биыл мемлекет қант зауыттарының сатып алу бағасын ұлғайтты: енді зауыт 15 теңге, ал мемлекет субсидия ретінде 15 теңге төлейтін болады. Осылайша, бір тонна қант қызылшасы үшін шаруалар 30 мың теңге алатын болады. Орта есеппен облыста фермерлер қант қызылшасынан гектарынан 350-ден 400 центнерге дейін өнім жинайды, биылғы жылға жоспар 200 мың тонна.



Сондай-ақ, кездесуге қатысқан өндірушілер қызылша егетін аймақты сумен қамтамасыз ету, фермерлер мен қайта өңдеу зауыттарын техникалық жабдықтау мәселелерін талқылады.


Өңірдегі ең ірі қант зауыттарының бірі – «Көксу қант зауыты» ЖШС тәулігіне 2000 тоннаға дейін қант қызылшасын өңдейді. Күніне 200 тоннадан астам дайын өнім алады. 2022 жылдың басынан кәсіпорын 29 мың тонна қант өндірді. Зауыт жылына 250 мың тонна қант өндіреді. Сондай-ақ, құрақ қантының жылдық қуаты 35 мың тонна шикізатты құрайды.


Айта кетейік, «Көксу қант зауыты» 1932 жылы құрылды. 2015 жылы зауыт жөнделіп, іске қосылды. Оны жөндеуге шамамен 4 млрд теңге салынды. 2017 жылы 1,5 млрд теңге сомасына зауыт жаңғыртылып, өнімділігі жоғары жаңа жабдықтар орнатылды.


Вице-министр Әбілхайыр Тамабек қатысушыларға жүйелі сипаттағы проблемалар мен ұсыныстар үкіметтік деңгейде қаралатынын айтты.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қант #қызылша #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);