ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Қант диабетін емдеудің заманауи тәсілі табылды

Қант диабетін емдеудің заманауи тәсілі табылды

Медицина 02.03.2022, 04:51 2,220
Қант диабетін емдеудің заманауи тәсілі табылды
Inform.kz
Қазақстандық ғалым қант диабетін емдеуге арналған бірегей жасуша ойлап тапты

Қазақстандық ғалым қант диабетін емдеуге арналған бірегей жасуша ойлап тапты


Молекулярлық биология және биохимия институтының ғалымы Бақытжан Әлжанұлы геномды редакциялау көмегімен I типті қант диабетін емдеуге арналған бірегей жасушаларды ойлап тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл жасушаларды трансплантациялау ұйқы безіне инсулин өндіруге ғана емес, сонымен бірге оның денедегі деңгейін өз бетінше реттеуге мүмкіндік береді.


Болашақта құрылым науқас пациенттердің безіне трансплантацияланады.



«Біздің бұл әдісіміз бірегей болып есептеледі. Жасуша геномын өңдеу үшін қолданылатын CRISPR технологиясын пайдалана отырып, біз инсулин синтезіне жауап беретін ұйқы безінің жаңа жасушалық тізбегін жасадық. Нақты түсіндіріп өтсем, алынған жасушалар ерекше сипатқа ие, яғни жарықтың әсерінен олар инсулин деңгейін жоғарылатуы немесе оны төмендетуі мүмкін. Негізгі мақсатымыз - І типті қант диабетін емдеудің заманауи тәсілдерін табу болды. Атап айтқанда, өзінің табиғи инсулинін шығаратын жасушалық терапияны табу болды», - дейді Бақытжан Әлжанұлы.



Бүгінгі таңда әлемде І типті қант диабетін емдеу әдісі жоқ, пациенттер тек инсулин терапиясы бойынша емделеді.


Қазіргі уақытта дүниежүзі ғалымдары трансплантациялауға болатын жасушаларды әзірлеумен айналысып жатыр.


Қазақстандық биотехнолог өз жұмысында бұрын-соңды ғылымда қолданылмаған бета-клеткаларды алу әдісі арқылы бірегей нәтижелерге қол жеткізді.



- Дифференциация және геномды редакциялау әдістерін біріктіру арқылы осындай нәтижеге қол жеткіздім. Бұл қорытындының бірегейлігі мен өзге әдістерден артықшылығы осында. Дифференциация - бұл адамның бағаналы жасушаларын ағзадағы кез келген органның жаңа жасушаларын алу үшін материал көзі ретінде пайдалану әдісі. Зерттеу кезінде бағаналы жасушалардан өңделген геномы бар ұйқы безінің жасушаларын алдық. ДНҚ-ны редакциялау әдісі - бұл гендік инженерия, ДНҚ-ның жеке құрылымдық элементтерін өзгерту. Яғни бұл жерде біз алынған ұйқы безінің жасушаларынан бірегей қасиеттерге қол жеткізгеніміз туралы айтып отырмыз. Дәлірек айтқанда, жасушалар инсулин деңгейін өз бетінше реттей алады. Бұл - әлемде алғаш рет ойлап табылған әдіс, - деп түсіндірді ғалым.



Бақытжан Әлжанұлы 2018 жылы Канадада ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастап, былтыр оны еліміздегі М.А.Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институтының базасында сәтті аяқтады.


Қазіргі таңда қолданыстағы хаттамаларды жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,983 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.