AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қандастардың өтініштері «бір терезе» қағидатымен қ...

Қандастардың өтініштері «бір терезе» қағидатымен қарала басталды

Әлеумет 08.08.2023, 05:57 1,048
Қандастардың өтініштері «бір терезе» қағидатымен қарала басталды
Сурет: Aikyn.kz

Жыл басынан бері Қазақстанға 13569 қандас келген.


Бұл туралы Үкімет отырысында Көші-қон саясаты тұжырымдасын іске асыру барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары–Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«1 шілдеден бастап Қазақстанның консулдықтары шетелдегі қандастарымыздың өтініштерін «бір терезе» қағидаты бойынша қарай бастады. Қандастарды елге қоныстандырудың жаңа алгоритмі жасалып, ол 4 санат бойынша жүргізіле бастады. Біріншіден, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қажет кәсіп иелерін тарту. Мұндай сұраныс жұмыс күші жетпей жатқан барша өңірлердің жұмыс берушілерінен түсуі мүмкін, бұл ретте қандастарымыз сол жұмыс берушінің локациясындағы өңірге жіберілетін болады», - деді Т. Дүйсенова.



Екіншіден, қандастарымыздың ата-анасы немесе балалары ертерек келіп, азаматтық алып, белгілі бір кәсіппен айналысып жүрген болса, онда шет елдік қандастарымыз олар тұрып жатқан жерге отбасымен, туыстарымен қауышу мақсатында көшіп келуі мүмкін. Үшіншіден, өңірлер өз территориясында даму әлеуеті бар елді мекендерді анықтап, сол жерлерге демографиялық үдерісті күшейту мақсатында қандастарымызды шақыру мүмкін.



«Төртіншіден,Үкімет айқындаған өңірлерге жолдама беру тәртібі бар. Айта кететін жәйт, әлеуметтік пакет тек төртінші, яғни Үкімет айқындаған өңірлерге жолдама алған қандастарымызға ғана беріледі. Жыл басынан бері Қазақстанға 13569 қандас бауырымыз келді, оның 8547-сі еңбекке қабілетті. Олар әлеуметтік қолдау және бейімдеу, жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылған», - деді министр.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#қандас #өтініші #бір терезе қағидаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);