конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қандастар үшін Қазақстан азаматтығын рәсімдеу тәрт...

Қандастар үшін Қазақстан азаматтығын рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді

Әлеумет 08.09.2021, 08:47 847
Қандастар үшін Қазақстан азаматтығын рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді
Сурет: Facebook.com

Этникалық қазақтар үшін төрт мемлекеттік қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіле бастады.


Бірінші қыркүйектен бастап Қазақстанда тарихи отанына оралған этникалық қазақтар үшін төрт мемлекеттік қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіле бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



««Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту» қызметі қоныс аударушыларға қажет тағы үш қызметпен бірге көрсетіледі»,– делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мамандардың хабарлауынша, осылайша, көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш бергеннен кейін «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу», «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу» қызметтерін пайдалана алады. 



«Бір өтініш» қағидаты бойынша қызмет көрсету мерзімдері:


– қандас мәртебесін беру немесе ұзарту – 4 жұмыс күні;


– қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 14 жұмыс күні;


– шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 45 күнтізбелік күн;


– Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу – 30 жұмыс күні.


Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.


Осы композиттік мемлекеттік қызметті алу мақсатында қандастарға бірыңғай тізбеге сәйкес тиісті құжаттарды ұсыну жеткілікті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#азаматтық #Қазақстан #қандас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);